Ақ ләйлек
- ramuk_b
- 8 ақпан 2024
- 350
- 0
Ақ дегелек -(ләйлек) дегелектер тұқымына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында кездеседі. Қазіргі кезде Отпан тау жақта да байқалғанын анықтады. Ақ дегелек - тұмсығы ұзын, үшкірлеу келген. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. Ақ дегелек - жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп ұя салады. Қанатының ұзындығы 58 - 61 см, салмағы 3, 5 - 4кг. Балапандарын ұядан 70 - 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, жыланмен қоректенеді. Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал - мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. Қазақстанда дегелектің ақ және қара түрі кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 - 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Қазақ халқы ақ дегелекті киелі құс деп есептейді, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлдем рұқсат етпейді. Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған.
Кері қайту