Шешендік сөздер: Алыста не алыс?
Байдалы қартайып үйден шықпай, күндіз - түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
- Ой, кәрілік - ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой! – дей беріпті.
Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
- Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? – депті Байдалы.
- Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін - дағы, - депті Мұса.
- Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! – дейді қарт. Мұса “айтыңыз” деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
- Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? – дейді.
Мұса ойланып:
- Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, - депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
- Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында ажал жақын, - депті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Алыста не алыс?
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 237
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шешендік сөздер, Байдалы шешен деген екен
Ұқсас жаңалықтар:
Шешендік сөздер: Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен. Олар орыс патшасы Аннадан үш...Саққұлақ би деген екен...
Зерек те, зерделі Сәбден 12 - 13 жасынан әкесі, Бапан би қасында жүріп шешендік өнеріне жаттығады. Ел билеу ісіне араласады....Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...Қарлығаш
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен....Шешен сөздер
Ақылды деп кімді айтамыз! Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: - Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз? ’...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.