Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тілім – менің тірегім» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер. Томирис пен Мақпалдың орындауында «Туған жер» әнімен мерекелік концертімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
«Туған жер»әні. Таукелова Томирис және Қизатова Мақпал.
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім -.
демекші Туған тілімізді, ана тілімізді құрметтейік, сыйлайық асқақтатайық. Қай ұлт, қай ел болмасын өз ана тілін жырлап өткен, онда неге бізге жырламасқа? Ендеше 5 - сынып оқушыларының ана тілі жайлы өлеңдерін тыңдайық. 5 - сынып оқушылары. орыс сыныбы.
Мың бұралып билеген,
Тал – шыбықтай иілген.
5 - 6 сынып қыздарының өнерлерін тамашалайық. Қарсы аламыз.
«Домбыра»биі. 5 - 6 сынып қыздары.
Жүргізуші: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды. Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі. Келесі орыс сыныптарының орындауларында тіл туралы өлеңдерін тыңдайық.
Орыс сыныптары. Өлең.
Жүргізуші: Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра.-
демекші Озатбектың орындауында күй. «Ерке сылқым»
Жүргізуші: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Келесі орыс сыныптарының оқушыларының орындауларында өлең.
Жүргізуші: Тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы. Сондықтан да ақын С. Торайғыровтың:
«Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн. Келесі Қизатова Мақпалдың орындауында ән. «Жаса, Қазақстан!»
Көрініс: 5 - 6 сынып оқушыларының орындауында.
Жүргізуші: Қорытындылай келе «ҚР мемлекеттік тілі - қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті» Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.-
Демекші, ана тілімізді әрқашан биікке асқақтатайық. Сау саламат болыңыздар. Рақмет көңіл бөліп келгендеріңізге.
Тілім - менің тірегім
- akmaral261993
- 3 қыркүйек 2023
- 18039
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тілім менің тірегім, тәрбие сағаты тіл мерекесіне арналған, 22 қыркүйек тілдер мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....Тілім менің - тірегім!
Мақсаты: Оқушылар «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтеді. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді; - ана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.