Сайтқа кіру Тіркелу

«Ойлы болсаң, озып көр»

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан - жақты болуға үйрету, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Сайыстың жоспары:
І кезең: «Сөз тапқанға»
ІІ кезең: Тіл - өнер
ІІІ кезең: Бәрін білгім келеді
ІV кезең: Қызықты ұйқастар
V кезең: Өлең - сөздің патшасы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Біздің елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.
Тіл - адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл - халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл - біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.
Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
Топтар өздерін таныстырады:
І топ: «Білгірлер»
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар»
Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».

Сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәт сапар тілейміз.

Бірінші кезең «Сөз тапқанға». Қазір сендерге интербелсенді тақтадан әріптер көрсетіледі. Әр топқа сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы интербелсенді тақтадан көрсетілген әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары. Ө, Қ, Т.
1. Бүгін қандай күн?
2. Сен қайда тұрасың?
3. Жазда қайда болдың?
4. Нені жақсы көресің?
5. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
6. Қай пән ұнайды?
7. Досың көп пе?
8. Сенің сүйікті ақының?
9. Немен саяхат жасайсың?

ІІ топ сұрақтары. Ә, Ғ, С.
1. Сенің ауылың қандай?
2. Кім болғың келеді?
3. Нені ұнатасың?
4. Қандай құсты білесің?
5. Қандай фильм көрдің?
6. Жақсы көретін күнің?
7. Күз мезгілі ұнай ма?
8. Сенің сүйіп оқитын жазушың?
9. Саған қандай тағам ұнайды?

Екінші кезең: «Тіл - өнер». Бұл кезеңде мақал - мәтелдердің жалғасын табамыз.
І топ:
1. Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2. Оқу - білім бұлағы,...(білім - өмір шырағы).
3. Жүз сом ақшаң болғанша,...(жүз досың болсын).
4. Білім таппай мақтанба,...(өнер таппай баптанба).
5. Тіл - қылыштан...(да өткір).
6. Отан...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1. Шебердің қолы - ортақ,...(шешеннің тілі - ортақ).
2. Отансыз адам -...(ормансыз бұлбұл).
3. Ер жігіт елі үшін туады,...( елі үшін өледі).
4. Мектеп - кеме,...(білім - теңіз).
5. Жақсы жолдас - жанға серік,...(жаман жолдас - малға серік).
6. Өнер алды -...(қызыл тіл).

Үшінші кезең «Бәрін білгім келеді»
Пәндер айдары. 4 пәннен 4сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау - оқушының өз еркінде.
Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
Қазақ тілі.
10… Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстары)
20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (7)
30. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер. (6)
40. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер (Есімдік)
Әдебиет
10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жырлары т. с. с.)
20.«Менің атым - Қожа «повесінің авторы кім? Бердібек Соқпақбаев
30. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды…
Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім? ҚЫС, Абай
40. Қазақ тілі білімінің атасы, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім? А. Байтұрсынов
Математика
10. Төрті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша болады?(32)
20. 0 - ден бастап 9 - ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)
30. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15 секунд)
40. Әлияның жасы қазір10 - да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады?(50 жасқа)
География
10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
20. Қазақстанмен шекарасы ең ұзын ел (Ресей)
30. Оңтүстік жарты шарда жаз айлары?( Желтоқсан, қаңтар, ақпан)
40. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.(Карта)

Төртінші кезең: Қызықты ұйқастар
Әр топ жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1. Жизнь - өмір, уголь -….(көмір).
2. Число - сан, кровь -...(қан).
3. Молоко - сут, жди -… (күт).
4. Человек – адам, шаг -...(қадам).
5. Таможня - кеден, пол -...(еден).
ІІ топ:
1. Возьми - ал, мед -…(бал).
2. Рыба - балық, народ -…(халық).
3. Дверь - есік, колыбель -…(бесік).
4. Город - қала, ребенок - …(бала).
5. Игра - ойын, шея -…(мойын).

V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтың мүшелері шығып, қазақ және орыс тілінде өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл жүйрікте кім жүйрік?

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

Армысыздар құрметті оқушылар. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз...
Қазақстан менің отаным

Қазақстан менің отаным

Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...

"Тіл керуені" сайыс сабақ

Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5 - 9 - сыныптар арасында өткізілетін «Тіл керуені» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Осы сайысымызды...
Қазақ тілінің білгірі

Қазақ тілінің білгірі

Қазақ тілінің білгірі Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 3...
Қазақшаңыз қалай?

Қазақшаңыз қалай?

Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің Бастауыш класының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×