Қушоқы ЖББО мектебінің 5 «А» сыныбын орта буынға қабылдау салтанатты жиының өтілу
Жүргізуші:
1) Қайырлы күн құрметті ұстаздар! Сәлеметсіңдер ме балалар!
2) Бүгін біздің мектебімізде өте атаулы күндердің бірі. Яғни 5 сынып оқушыларын орта буынға қабылдау мерекесі.
3) 5 сынып оқушыларымен сынып жетекшілерін қошеметпен қарсы алайық.
4) 5 «А» сынып жетекшісі Хихметова Гульназ Каировнаны
5). Сөз кезегін 5 сынып оқушыларына берейік.
Дилназ:
Жұп жазбастан жүреміз
Біздің сынып – мақтаулы
Өйткені біз сүйеміз
Дәйім тәртіп сақтауды
Біздің сынып мақтаулы
Ерасыл:
Оқуда да алдамыз
Біздің сынып - өнерлі
Жақсы үйреніп алғанбыз
Талай би мен өлеңді
Біздің сынып өнерлі
Арайлым:
Еңбекте де қолы епті
Ынтымақты дос ыңғай
Біздің сынып әдепті
Біздің сынып осындай
Біздің сынып осындай
6). Жаңа үмітпен, жаңа армандармен сендер 1 қыркүйек бірінші рет орта буын оқушысы болып мектеп табалдырығын аттадыңдар.
7) Сендер білім теңізінде мектеп кемесімен алғашқы қиындықтарды жеңіп келесіңдер. Бірақ сендер нағыз бесінші сынып оқушылар болу үшін, орта буын оқушысының антын беруді ұмыттыңдар!
Сендер 5 сынып оқушылары салтанатты түрде достарың мен ұстаздарыңның алдында ант беріңдер!
Мектеп тәртібін бұзбауға,
Дамир: Оқулықты қаптауға,
Тақпақты тез жаттауға
Жансая: Дәптерге таза жазуға,
Үй тапсырмасын орындауға,
Ермек: Күнделікті дұрыс толтыруға,
Түтікпен қағаз атпауға,
Лаура: Ешкімнің аяғын баспауға,
Гүлдерді өсіріп, баптауға,
Жандарбек: Есікті қатты жаппауға,
Мектеп мүлкін құртпауға,
Арман: Сабақтан ешқашан қашпауға,
Ешқашанда ысқырмауға,
Тимур: Жаман сөздер айтпауға,
Сыныпта тыныштық сақтауға,
Жұлдыз: Кабинетті шашпауға,
Мектеп формасын бұзбауға,
Ерасыл: Үлкендерді сыйлауға,
Кішіге қамқор болуға
Арайлым: Үй жұмысын ешкімнен көшірмеуге,
Күнделіктегі екіні өшірмеуге,
Дильназ: Ұстазымыздың еңбегін ақтауға,
Бесінші сыныпты беспен аяқтауға,
«Қушоқы жалпы білім беру мектебінің оқушысы» деген құрметке лайық болуға ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
8). Енді міне, сендер нағыз орта буын оқушылары болыңдар!
Жоғары сынып оқушыларының сендерге айтар тілегі:
Күйші болыңдар,
Бал тамған бармағынан.
Биші болыңдар,
Шығып бір арманнан.
Әнші болыңдар,
Кәдімгі күміс таңдай.
Батыр болыңдар,
Айбатты арыстандай.
Ғалым болыңдар,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болыңдар,
Ашқан көп жаңалықпен.
Көзінен күлімдеген,
Бір ұшқын сеземін мен.
Алдымен Білім деген,
Бәйгеден озып келсең.
Оқудың озатына
Арман да таяу болар,
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар.
5 сынып оқушыларын орта буынға қабылдау рәсімі
- gulnas-hihmetova
- 6 қаңтар 2016
- 5920
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 5 сыныпқа қабылдау жиыны, оқу жайлы тақпақ
Ұқсас жаңалықтар:
Сәлем білім ордасы
Өскемен қаласы, № 26 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қабылбаева Алзинат Советбекқызы...Біздің сынып
Әйтеке би ауданы Комсомол селосы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Құрманғалиев Ерғазы...Лепті сөйлем
Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретінін, өзіне лайық айту мәнері бар екенін түсіндіру....Ұланымыз- ұлы елдің
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі Узакбаева Салтанат Бекбергенқызы «Ұланымыз – ұлы елдің» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 21...Алғашқы қоңырау 2024
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.