Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым – бал бұлағым
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар, гүлдер мен шарлармен сахнаны безендіру

Айжан: Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата - аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 – сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4 - сынып оқушыларын ортамызға.
(Әсем әуенмен сахна ашылады.)
(Оқушылармен таныстыру)
Айжан: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.
Нұрфат: Ассалаумағалейкум, ағайын!
Жангүлім: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Нұрфат: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Жангүлім: Ия, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той.
Нұрфат: Өйткен 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстазымызбен қоштаспақпыз.
Жангүлім: Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен: «Ол алғашқы ұстаз ғой!
(ортаға алғашқы ұстазымызды шақырайық)
Айжан: Ән: « Алғашқы ұстаз» орындайтын хор
Айжан: Құттықтау сөз: мектеп директоры: Майемер Азамат Максимұлы
Әсем: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Дәурен: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Алишер: Армысың сен, алтын ұя мектебім!
Саған айтар жыр – алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Жангүлім: Дұрыс айтасың, Алишер! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің
атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын. Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Айжан: Ән «Мектебім» орындайтын Нұрфат пен Жангүлім
Айжан: Видео клип: «Мектептегі сәттер!»
Нұрфат: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жангүлім?

Жангүлім: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Нұрфат: Дұрыс айтасың, Жангүлім, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жангүлім: Ия, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Ақсұлу: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Ернар: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Досымжан: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай!
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Айсезім: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Гүлім: өзі айтады
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Жангүлім: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!
Жетекшісі: Бақтығалиева Данагүл Бақтығалиқызы
Айжан: ән «Ұстазым!» орындайтын Гүлім
Айжан: « Әзіл әлемі» үзінді орындайтындар оқушылар
Нұрфат: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Әсет: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Жангүлім: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Нұрфат: Ия, дұрыс айтасың, Жангүлім. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Аяулым: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым!
Жангүлім: Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата - аналарымызға сөз кезегін береміз.

Айжан: Ән: «Әкешім - анашым» орындайтын Досымжан
Айжан: Көрініс «Келін»
Айжан: Ән «Анашым» орындайтын Аяулым

Жангүлім: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Нұрфат: Енді, міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Жангүлім: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Нұртілек: Кітап қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Назерке: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Гүлім: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Рамир: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Ернар Ж: Бастауышым – балбұлағым,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Айжан: ән «Дос, болайық бәріміз!»орындайтын Айсезім, Нұртілек, Ақсұлу, Ернар Б, Рамир.
Айжан: көрініс « Жау жүрек мың бала» орындайтын оқушылар
Айжан: ән «Ұстазым» орындайтын Айсезім
Нұрфат: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия, т. б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік.
Олай болса сол пәннен берген ұстаздарымызға құттықтау сөз берейік.
Айжан: Құттықтау сөз: орыс пәні мұғ: Таскулова Гульнар Максутовна, музыка пән мұғалімі: Алма Талапкалиевна. Бейнелеу пәнінің мұғалімі: Гульфия Тұяковна, дене пәннің мұғалімі: Алиса Балгазиена
Айжан: ұстаздарға тарту би; «Үнді биі» қыздар тобы
Айжан: ән «Ұстазым» орындайтын Аяулым

Нұрфат: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Жангүлім: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Айжан: Видеоролик: «Қош бол, ұстазым!»
Айжан: «Қоштасу вальсі» би
Хормен: Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге!
Айжан: ән «Ұстазыма» орындайтын хор. 4 сынып
Мұғалім: Осымен біздің кешіміз аяқталып келеді. Осы бастауыш сынып оқушыларын бітірулерімен құттықтап, сөз кезегін ӘБ жетекшісі: Меңсұлу Кенесқызына береміз және оқушыларға бітірушілер дипломын табыс етеді. Сонымен қатар мектеп ұжымының және өзімнің атымнан осындай білімді, білікті, өнерлі ұл – қыз тәрбиелегендері үшін ата - аналарымыз алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп – көп рахмет!
Айжан: Сау саламатта болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту Міндеттері: 1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толу қарсаңында...
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×