«Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»
Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі, слайд, цитаттар.
Барысы
Көрініс:
Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Жүргізушілер ортаға шығады: Оралхан мен Мейірім
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектеп кітапханасындағы кешімізді жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1 - оқушы: «Жыр менің тарланым» Қуанышева Нұршат 10а
Фариза ақынға арналған слайд экранға назар аударайық.
2 - жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда кәзіргі Атырау облысының Нобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған – аналар тақырыбы.
2 - оқушы: «Перзент сөзі» өлеңі» Жаснұр 9 сынып
Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы - әкем менің.
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.
3 - оқушы «Анама» өлеңі» Мейірім 9 сынып
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!
Ақтау қаласының № 3 орта мектептің
кітапхана менгерушісі Бахтыгереева Сания Байбозовна
Толық нұсқасын жүктеу
Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым
- Сания70
- 3 желтоқсан 2019
- 23205
- 1
- 100
Ілмек сөздер: Фариза Оңғарсынованын өлеңдері, кеш сценарийі, ақын туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Анама
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! ...Фаризаға
Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз....Фариза Оңғарсынова туралы слайд
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна...Ф.Оңғарсынованың Өлең, мен сені аялап өтем! атты мәнерлеп оқу сайысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Жүрментаева...Өлең, мен сені аялап өтем
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Баймуханова Амангуль...Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.