Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Мақсаты:
Студенттердің рәміздердің пайда болуы және оның тарихтағы орны жайлы білімдерін тереңдету; Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, еңбекке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ауызша журнал.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал - мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер (презентацияда)
2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер! Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтаған әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысы мен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандықтан алғанын шын сезінеді.
1 жүргізуші: Құрметті қауым, ел рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты ауызша журналымызға қош келдіңіздер.
Әнұран айтылады.
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік - арманым ең аңсаған,
Бабаларым жетеміз деп шаршаған.
Бүгін міне, бар әлемге танылдық,
Қазақ елі үміт артам мен саған!
2 жүргізуші:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең — таңба?!
1 жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.
2 жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
Журналымыздың 1 - інші беті: «Өз елім менің, өзегім менің» деп аталады. Экранға назар аударайық.
(экранға назар аударамыз, Тәуелсіз мемлекет туралы бейне - ролик)
1 - жүргізуші: “... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде айтып өткен еді.
2 жүргізуші: Журналымыздың екінші беті: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ). (Елбасы жайында тоқталу)
Студент: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 - шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата - анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады. (Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету) Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. (Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету). Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері: (Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)
1969 - 1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 - 1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977 - 1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2 - ші хатшысы.
1979 — 1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 - 1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989 - 1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан - сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1 - жүргізуші: 1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98, 7%, 1999 жылы 10 - қаңтарда 79, 78 %, 2005 жылы 4 - желтоқсанда 91, 5%, 2011 жылы сәуір айының 3 - де де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).
Ән «Алтын бесік»
1 жүргізуші:
2 жүргізуші: Үшінші бетті парақтайық: «Рәміздер тарихынан сыр шерту»
Баяндама: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар»
ҚР мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы және мәні.
2 жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділік арнасын ашып жібергендей болды. Танымал өнер иелері ғана емес, қолына тұңғыш рет қалам, қыл - қалам ұстаған мектеп оқушысынан зейнеткерлерге дейін мыңдаған отандастарымыз ойға ой қосып, өз жүрек дүрсілдерін жеткізуге асықты.
1 жүргізуші: Үміткерлер үшін шығармашылық жарыстан аттай шауып өтудің үстіне парламенттегі саяси сынықтан да сүрінбей өту шарт болатын ұсынылған жобаларда жас мемлекеттің саяси сыр, сыр - сипаты мақсат - мүүддесін аңғартатын бедер – бояулар айқын көрініс табуы қажет болатын. Соған орай конкурс та, парламенттегі талқылау да аса тартысты өтті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озды.
1 жүргізуші:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл - таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Қара шаңырақ - ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
2 жүргізуші: Журналымыздың келесі беті «Еңселі Елтаңба»
Елтаңба тарихы айтылады
Елтаңба авторы жайында әңгімеленеді.
Студент: Елтаңба негізі – Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер - азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы. Елтаңбаның авторлары - Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
Студент: Жандарбек Мәлібекұлы — ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Студент:: Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан - ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
1 жүргізуші:
Айналайын аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Көк аспада – алтын күн,
Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
2 жүргізуші: Журналымыздың төртінші беті: «Тұғырлы туымыз»
Ту және оның авторы туралы айтылады.
Студент: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатың жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою - өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.
Студент: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков — ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
«Мен қазақпын» өлеңі Ж. Молдағалиев
1 жүргізуші:
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден.
Көкке әнұран шалқиды.
2 жүргізуші: Журналымыздың келесі бетін парақтасақ «Асқақтаған Әнұран»
Әнұран, авторлары жайында айтылады
Студент: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы - тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса айтылған. Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Бейнефильм көру
1 жүргізуші: Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
2 жүргізуші:
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
1 жүргізуші:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Журналымыздың соңғы парағы «Зеректік» деп аталады.
2 жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
1 жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
2 жүргізуші:
Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағын!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
2 жүргізуші: Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!
Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін
1 жүргізуші: «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты ауызша журналымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге...
Биік сенің мәртебең, дархан елім!

Биік сенің мәртебең, дархан елім!

Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты...
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің кепілдемесі

Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің кепілдемесі

Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ту, Қазақстан...
Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып

Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып

1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші...
Рәміздерім - мақтанышым

Рәміздерім - мақтанышым

№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×