«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер!
2 - жүргізуші: «Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайысымызға хош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Мақсатымыз: Отбасылық қарым - қатынасты нығайту, отбасының қоғамдық ролі мен беделін арттыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.
2 - жүргізуші: Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.
Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле - өлгенше сөнбейтін махаббат.
Ғабит Мүсірепов.
1 - жүргізуші: Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
Баланың бас ұстазы – ата - ана. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
«Балапан қыран болу үшін оны самғатып, ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Ата - анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан, қай ата - ана болмасын, баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ата - ана баласы үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан бүгінгі сайысымызда сынға түсер үміткерлерімізді сахна төріне шақырамыз.
1 - жүргізуші: Алдарыңызға Абилмолдиндер отбасын шақырамыз.
2 - жүргізуші: Алдарыңызға Жұбанышевтар отбасын шақырамыз.
Қарап тұрмай сайысымызға еріңіз
Отбасына әділ шешім беріңіз.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығар деген
Сайыскерлерімізге әділ шешім беріңіз.
1 - жүргізуші: Сайысымызда әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2 - жүргізуші: Бекенова Айжамал, ата - ана
1 - жүргізуші: Дуанбеков Берікхан, ата - ана
2 - жүргізуші: Уразгулова Зейнегүл, музыка пәні мұғалімі.
1 - жүргізуші: Енді сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1. Өзін - өзі таныстыру
2. Қолөнер сайысы
3. Сұрақ - жауап
4. Спорттық жанұялар сайысы
5. Мақал - мәтел сайысы
6. Өнер сайысы
2 - жүргізуші: Бағалау жүйесі бес балдық есеппен ашық түрде бағаланады.
1 - жүргізуші: Ата - анадай қамқор болмас өмірде,
Саналық бар өсіп - өнген білімде.
Шарапат ал жаныңа күлім күніге
Елім өсер қарап - ақ білімдіге.
2 - жүргізуші: Алдарыңызға алғашқы шартымыз бойынша Абилмолдиндер отбасын шақырамыз.
1 - жүргізуші: Жұбанышевтар отбасын шақырамыз.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, келесі кезекті қолөнер сайысына береміз.
Бақытты отбасы болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңіз?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?
Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді, сіз қалай түсінесіз?
1 - жүргізуші: Ата - ана жаны жазғы нұр
Сендерсің жолын жалғар шың
Сыр толы мынау сазды жыр
Соларға енді арналсын
Ән: «Әкеме». Орындайтын: Айгерім Шатиева
2 - жүргізуші: Келесі кезекте спорттық сайыс. Сахна төріне үміткерлерімізді шақырамыз.
1 - жүргізуші: Абилмолдиндер отбасы
2 - жүргізуші: Жұбанышевтар отбасы
Мақал - сөз атасы
(Аяқталмаған мақал - мәтелдерді жалғастыру)
Бала жас шыбықты қалай исең, солай иеді.
Бала жақсы болса қуаныш, жаман болса күйініш.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
1 - жүргізуші: Өнерпаз шықсын алдыға
Әнін тыңдар тамсанып.
Құлақ құрышын қандырар
Қол соғалық қарсы алып.
2 - жүргізуші: Алдарыңызға өз өнерлерін көрсетуге үміткерлерімізді шақырамыз.
1 - жүргізуші: Құрметті көрермендер, келесі кезекті баға берер қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.
Марапаттау.
1 - жүргізуші: Адам! Адам!
Бөлісіп уайымды
Болашаққа болыңдар дайын үлгі
Бір - біріңе болыңдар қайырымды
Дерт шалмасын
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды
Бір - біріңе болыңдар қайырымды - дей келе, бүгінгі «Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайысымыз мәресіне жетті, ендеше көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет айта отырып кешімізді аяқтаймыз.
2 - жүргізуші: Еліміз тыныш, ұрпағымыз аман болсын ағайын!
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі
- ramuk_b
- 27 наурыз 2015
- 6221
- 0
- 0
Ілмек сөздер: отбасылық сайыс сценарииі, әкенің отбасындағы ролі
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда
Қарағанды қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Аязбаев Асет Муратович...Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту....Балдәурен
ШҚО, Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Қарлығаш Қабыкеновна...Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.