Сайтқа кіру Тіркелу

«Архимедтің ізбасарлары» интеллектуалдық сайысы

Тақырыбы: «Архимедтің ізбасарлары» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикалық ойлау қабілетін шығармашылық белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру, математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау
2. Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.
3. Адамгершілікке сұлулыққа еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық. - Құрметті қонақтар! Сіздерді 1 «Ә»- сынып оқушыларының арасында өтетін «Архимедтің ізбасарлары» атты интеллектуалдық сайысын көруге шақырамыз.
Әділ - қазылармен таныс болыңыздар:
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді,- дей отырып ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз. (Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.)

Бүгінгі сайысымыз 6 айналымнан тұрады.
I айналым «Бәйге»
II айналым «Көкпар»
III айналым «Білімпаз»
IV айналым - «Тапқырлық»- логикалық тапсырмалар.
V айналым – «Жорға»тест тапсырмаларын орындау.
VI айналым - Математикалық өлең - есептерді шешу
I айналым «Бәйге» Бәйгеде әр оқушыға 5 сұрақ беріледі. Тез, дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақты соңына дейін тыңдамап, кейін жауап беру.
№1 1. 5+2= 2. Үшбұрыштың қабырғасы не деп аталады? 3. Сәуле деген не? 4. Ағашта 7 торғай отыр еді. Оның 3 - еуі ұшып кетті. Неше торғай қалды? 5. 6 санының алдындағы санды ата.
№2. 1. 9 - 4 2. 8 - ден кейінгі санды ата. 3. 2+5=7 теңдігіндегі 7 саны қалай аталады? 4. Төртбұрыштың неше қабырғасы бар? 5. 1 дм - де неше см бар?
№3. 1. 3+6= 2. 5пен 8 - дің арасындағы сандарды ата. 3. 6 - 4=2 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады? 4. 10см неше дм - ге тең? 5. Бес бұрыштың неше қабырғасы бар?
№4. 1. 1+6= 2. Қандай фигураларды білесің? 3. 5 санының құрамын ата 4. 9 - 2=7 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады? 5. Қандай бұрыштарды білесің?
№5. 1. 7 санының құрамын ата. 2. 3 пен 6 - дің арасындағы сандарды ата. 3. 10+0 4. 5+3=8 теңдігіндегі 5 саны қалай аталады? 5. 2 - ден 9 - ға дейінгі сандарды өсу ретімен ата
№6. 1. 9 санының құрамын ата. 2. 4+6=10 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады? 3. 10см мен 1 дм - дің арасына қандай таңба қойылады? 4. 2+7 5. 2 таңбалы санды ата.
№7. 1. Ең үлкен 1 таңбалы санды ата. 2. 5+2 3. 8 санының құрамын ата. 4. 5, 4, 9 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр. 5. Бір нүктеден тарайтын фигураны не деп атайды?
№8 1. Ең кіші 1 таңбалы санды ата. 2. 8 - 3 3. Мәні 5 - ке тең болатын теңдіктер құр. 4. Кесіндінің ұзындығын немен өлшейміз? 5. 2, 6, 8 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр. №9 1. 9 - 7 2. Сандар қатарын кему ретімен атап шық. 3. 6 санының құрамын ата. 4. Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? 5. 5 - 0
II айналым «Көкпар»- Көкпар ойынының шарты бойынша әр ойыншы ұяшық таңдайды. 9 ұяшық бар. Сұраққа жауап беру. Дұрыс жауап - 5 ұпай.
1. Қосу амалының компоненттерін ата
2. Азайту амалының компоненттерін ата
3. Тік төртбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
4. Оң қолыңда 5жұлдызша, сол қолыңда 4 жұлдызша. Сенде барлығы неше жұлдызша бар?
5. 5 - 3=2 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады?
6. 7+2=9 теңдігіндегі 9 саны қалай аталады?
7. Сәуленің 7 қуыршағы бар еді. Ол 2 қуыршағын Зәуреге берді. Сәуленің неше қуыршағы қалды? 8. Қосылғыштың бірі 2 болатын қосындыларды ата.
9. 7 - 4=3 теңдігіндегі 4 саны қалай аталады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×