Сайтқа кіру Тіркелу

Мен қазақ болғаныма мақтанамын

(ата - аналармен сайыс)
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ата - аналар тәрбиешілер! Бүгінгі біздің «Мен қазақ болғаныма мақтанамын» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесі тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. «Туған тіл - тұғырын, туған тіл - қыдырың» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.
Тіліне зер салыңдар бұрынғының дей келіп бүгінгі ата - аналармен ұйымдастырылып отырған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Әнұраны шырқалады
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызды саралап, таразылап, аналардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық
«Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі
Айтмағанбетова Мейрамгүл Әліпқызы
Музыка жетекшісі Болатбаева Самал Болатбайқызы
Тәрбиеші: Изтілеуова Қалия Елубайқызы
Енді бүгінгі сайысымызды жоспарымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (қазақ киім киіп шығу)
2. Төсбелгілерін таныстыру
3. Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу.
4. «Кім көп біледі?» әуеннен қазақ әндерін табу.
5. Тіл туралы мақал - мәтелді жатқа айту (1 минутта)
6. Әр ата - ана 5 жаңылтпаштан айту
7. Үй тапсырмасы (кітапша дайындап келу)
Жүргізуші:
Қазақ тілі - туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған
Қазақ тілі - мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым пәктігім.
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын
Жырдан моншақ тағайын
Баршаңызға өзімді
Таныстырып алайын - дей келе әр топ өздерін таныстырып өтсе

Жүргізуші:
Тамаша өлең таңдайды татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай
Жан - дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай - дей келе тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқуға береміз.

Келесі бөліміміз «Кім көп біледі?» деп аталады (әуеннен қазақ әндердің атын табу)
Жүргізуші:
Ұйықтасам ана тілде күмбірледім,
Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.
Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,
Бітпейді менің одан бұрын демім - дей келе тіл туралы мақал - мәтел айту 1 минутта
(Әділқазылар әр топтың мақал - мәтелдеріне бағаларын берсе)
Енді әр топтың ата - аналары 5 жаңылтпаштан айтып жарысады.

Жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Ата - бабам жаңылмаған жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан! дей келе ата - аналардың үйден дайындап келген тапсырмаларын таныстыруға кезек береміз.

Жүргізуші: Ал енді «Мен қазақ болғаныма мақтанамын!» сайысын қорытындылап әділқазылардан бағаларын сұраймыз.
Ана тілім - ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілің - арың бұл
Ұятын боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды. Еліміз тыныш болсын! Әрдайым тілімізді құрметтеп жүрейік. Құрметті ата - аналар алтын уақыттарыңды бөліп келгендеріне көп - көп рахмет. Аман сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×