Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.
1 жүргізуші: Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
2 жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
Балалар музыкамен билеп кіреді.
Жүрг: Құрметті қонақтар! Бүгін өте салтанатты күн. Біз өз тәрбиеленуші бітірушілерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Уақыт зымырап алға қарай жылжиды, балалар мектеп, сонан соң институт бітіріп, дәрігер, мұғалім, әртіс, инженер болады. Бірақ біз оларды балабақшаны, тәрбиеші апайларды және бүгінгі алғашқы кешті ұмытпайды деп үміттенеміз!
(Есік сыртынан күлген баланың дауысы естіледі. Тәрбиеші арбаға салған қорапты әкеледі, ішінен аузында соска, алжапқышы бар кіші топ баласы шығады)
Анель:
Өтті қызық көп күндер,
5 жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың,
Өсті міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Би: «Базарлық»
Жүрг: Сіздер де балабақшаға келгенде осындай тәп - тәтті сәби едіңдер. Ал қазір есейіп мектепке барғалы тұрсыңдар. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма? (иә).
Ән: «Балабақша мекенім»
Осы кезде (слайд арқылы) музыкамен Ғажайыпстаннан Ата келеді.
Ата: Саламатсыңдар ма, балалар! Мені таныдыңдар ма?(иә) Мен балаларды Білім елі күтіп отырғанын білемін. Ол жерге жету үшін балабақшадағы барлық станцияларға соғу керек. Сонда ғана Білім еліне жетесіңдер.
Жүрг: Балалар, Білім еліне немен барамыз?
Балалар: Пойызбен барамыз.
Жүрг: Ендеше Ғажайыпстаннан келген пойызға отырайық.(балалар пойызға отырады)
Жүрг: Міне, бірінші станцияға да келдік. Бұл «Ертегілер» станциясы екен. Балалар, мына жерде бір үй тұр. Бұл үйде кім тұрады екен?
Мақта қыз шығады.
Мақта қыз: Саламатсыңдар ма, сүйкімділерім менің! Мұнда не үшін келдіңдер?
Жүрг: Біз «Білім еліне» бара жатырмыз.
Мақта қыз: Рас па? Ендеше балалар әдепті сөздерді біле ме екен, ол сөздер мектепте өте қажет.
«Не деу керек?»
Би: «Біз достармыз көңілді»
Мақта қыз: Сендер өте әдепті әрі әдемі балалар екенсіңдер. Жолдарың болсын! Сау болыңдар!
Жүрг: Біздің пойыз жүргелі тұр, тездетіп отырайық. Келесі станцияға да жеттік. Бұл «Түрлі түстер» станциясы.
Алдарынан Ақкемпір шығады.
- Амансыңдар ма, менің ақжүректерім! Сендердің білім еліне бара жатқандарыңды білемін. Мен және менің қыздарым түрлі - түсті жіптермен ою ойып, өрнектер салғанды ұнатамыз. Ал сендер сурет сала білесіңдер ме?
Жүрг: Әрине сурет сала біледі, бізге түрлі - түсті қарындаштар көмектесті.
Балалардан салынған пішіндерден бейнелер салу сұралады.
Би: «Шығыс биі» Айым
Ақкемпір: Сендердің қарындаштармен дос екендеріңді көрдім. Өнерлерің өрге жүзіп, жақсы азамат болыңдар! Сендерге мына жебені сыйға беремін Жолдарың болсын! Сау болыңдар!
Белгі беріледі, пойызға отырады. Келесі станцияға тоқтайды.
Жүрг: Бұл жерде кім тұрады екен?
Көлтауысар шығады.
- Менің білгім келеді,
Тазалықты сүйетін,
Қорықпайтын сабыннан,
Батыл бала бар ма екен?
Жүрг: Әрине, біздің балалар тазалықты, шындықты сүйеді. Солай ма, балалар?!
Көлтауысар: Қазір оны тексереміз.
«Бұл не?»
Жүрг: Менің ойымша біздің балалар мектепке тап - таза әрі жинақы болып барады.
Көлтауысар: Мектепке? Мына кішкентай балалар мектепке бара ма? Мені де өздеріңмен ала кетіңдерші. Мен де санап, жазып үйренгім келеді.
Жүрг: Біздің балалар сені өздерімен мектепке апара алмайды ғой.(мұңайып қалады). Ендеше, сен балалардың көңілді әні мен биін, тақпақтарын тамашала.
Нұрхан
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
ән: «Топ - топ, балақан»
би: Жаңа заман биі.
Көлтауысар: Сендерге рахмет! Жолдарың болсын!
Жүрг: Біздер жолымызды жалғастырайық.
Алдарынан Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек: Сендер қайда бара жатырсыңдар?
Жүрг: Біздің балалар мектепке барады.
Қызыл телпек: Қызық екен. Ендеше мен сендердің есепті қалай шығаратын дарыңды тексерейін.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Сендерге сәттілік тілеймін. Жолдарың болсын! Сау болыңдар!
Ата: Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық станцияларға тоқтап тапсырманы тамаша орындадыңдар. Енді білім еліне бара берулеріңе болады. Сендерге өз батамды берейін.
Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржанның айбарын берсін.
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін,
Анаға шуақ болыңдар,
Атаға қуат болыңдар,
Бастарыңа өнердің бағы қонсын!
Жақсыға елікте,
Жаманға желікпе,
Жолдарың болсын балаларым!
Әумин!
Балалар: Сау болыңыз, Ата!
Жүрг: Балалар, біздер білім еліне баруға дайынбыз. Енді, сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.
Жүрг: Ата - аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.
«Үнді биі»
Жүрг: Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен – сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Балалардың Апайларға айтатын алғысы бар.
(Балалар балабақша қызметкерлеріне тақпақтарын айтады)
«Орыс биі»
Жүрг: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
ән: «Біз мектепке барамыз»
«Вальс»
Марапаттау. Сыйлықтар беру.
Қош бол, балабақша!
- erkos
- 8 қазан 2014
- 12126
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақшамен қоштасу сценариі
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...Қош бол, балабақша!
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....Қош бол сүйікті балабақшам
Бесіктегі баланың, Күлгенің көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, Жүргенін көрген бір мұрат....Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымының І - санатты тәрбиешісі Кушаева Асел Максутовна...Білім күні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, "Балдәурен" балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал Болатбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.