Сайтқа кіру Тіркелу

Білімді отбасы

«Білімді отбасы»- сайысы
Есенжол: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Мектебімізде жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі Білім апталығының жоғарғы сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған «Білімді отбасы» сайысына қош келдіңіздер
Бақыт: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біз өмір сүріп отырған қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мен мазмұны мүлде басқа жаңа дәуір табалдырығына ену қазіргі заман жастарынан ептілікті, шығармашылықты және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше ой қызметін талап етеді.
Есенжол: Міне, осындай заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті мектепке жүктеліп отыр. Мектеп білім ошағы болса, отбасы - тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде отбасының да алар орны ерекше.
Бақыт: Бақытты отбасы - келешек кепілі
Тәрбие - отбасы шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан үлкендер міндеті - деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата - аналар бүгінгі сайыста өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, білімді отбасының үлгісін көрсетпек.

Есенжол: Ендеше, бүгінгі шарамыздың сайыскерлерін құрметпен ортамызға шақырайық.
1 - ші сайыскеріміз 9 - сынып оқушысы Сайлауова Ардақ. Жұлдызы - Арыстан. Ардақ мінезі ашық, әрқашан достарына көмектесуге әзір. Өзінің әсем биімен мектептегі барлық шаралардың сәнін келтіріп жүр. Ұстанымы – Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан
Жақсы көретін ісі әуелете ән салу, би билеу.
Бүгінгі сайысқа әкесі Ерболат және анасы Гүлнұрмен қатысады.

Бақыт: 2 - ші сайыскеріміз 10 сынып оқушысы Мұқанова Шынар. Шынар мектебімізде өзінің қай істе болмасын алғырлығымен және білімділігімен ерекшеленеді. Қолы бос кезде өлең шығаруды ұнатады. Жұлдызы - Тауешкі. Ұстанымы - Тек қана алға. Бүгінгі сайысқа нағашы апасы Флора және ағасы Дәулетпен қатысады.
Есенжол: 3 - ші сайыскеріміз 11 сынып оқушысы Амиров Молдаш. Жұлдызы - Балық. Арманы - Елінің білімді азаматы болып, оның дамуына үлес қосу. Өзі жақсы көретін пәні физика ғылымының негізін салған Эйнштейннің жаңашылдығын үлгі тұтады. Мектеп түлегі, «Алтын белгі» белгісінің үміткері Молдашқа мұғалімдер ұжымы үлкен сенім артады. Бүгінгі сайысқа алғаш қадамын бастырып тұсауын кескен ата - анасының достары Альфия апа мен Мәлік ағамен қатысады.
Барлық сайыскерлерді қол соғып, қошеметтеп қояйық.

Бақыт: Сайыскерлер мен көрермендер назарына бүгінгі сайыс турларын ұсынамыз
1 - тур: Бәйге
2 - ші тур: Полиглот
3 - ші тур: Эрудит ата - ана
4 - ші тур: Не? Қайда? Қашан?
5 - ші тур: Жорға
Есенжол: Сайысымыздың жинақ балын есептеп отыратын сарапшылар алқасымен таныс болыңыздар. Олар: 1. Қайырқұл Шынар Самиғоллақызы
2. Урбисенова Алия Қабдырахиқызы
Бүгінгі сайысымыздың алғашқы сөзін мектеп директоры Шотанов Шәрәпи Тәжібайұлына береміз
Бақыт: «Білімдіге – биік орын» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай білімді, ойлы сайыскерлердің білімнің төрінен орын алуын тілей отырып, сайысымыздың бірінші туры «Бәйгені» бастаймыз. Бұл турда әрбір топқа қағазға жазылған 10 сұрақ беріледі. Топ мүшелері берілген сұраққа дұрыс жауап жазу керек. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
Есенжол: Сайыскерлер өз жауаптарын жазып болғанша, Маратов Елдостың орындауында « Әкелер» әнін назарларыңа ұсынамыз.
Бақыт: Топ мүшелеріне жауаптарын тапсыру сұралады. Көрермендер назарына сұрақтар мазмұнын таныстырайын./ сұрақтарды оқиды/
1. Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыкалық топ қалай аталады? /оркестр/
2.«Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім? /Ы. Алтынсарин/
3. Адамзат тарихында қолданылған бірінші антибиотик қалай аталады? /пенициллин/
4. Ежелгі Римдегі ең ірі құлдар көтерілісінің көсемі кім? /Спартак/
5. Төрт адамнан тұратын музыкалық топ қалай аталады? /квартет/
6. Мемлекеттік Рәміздер күні қай күні аталады? /4 маусым/
7.«Қазақ хрестоматиясының» авторы кім? /А. Байтұрсынов/
8.«Көксерек» қай жанрға жататын шығарма? / повесть/
9. Шерлок Холмсты дүниеге әкелген жазушы / Артур Конан Дойл/
10. Ауа райын зерттейтін ғылым /Синоптика/

Есенжол: Сарапшылардан «Бәйге» турының нәтижесін сұраймыз Рахмет.
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойында ана тілімен бірге еніп қалыптасады. Сондықтан әрбір адам өз ана тілін қадірлеуге міндетті. Әр білімді адам «Жеті түрлі ілім біл, Жеті жұрттың тілін біл» деген сөздерге терең мән бере отырып, Елбасымыз ұсынып отырған «Үш тұғырлы тіл саясатына да» ұстануы керек. Сайысымыздың «Полиглот» деп аталатын туры сайыскерлердің тілдік білімін анықтау мақсатын көздейді.

Бақыт: Сайыскерлер оқылған мақалда жіберілген сөздердің қазақша, орысша және ағылшын тіліндегі нұсқасын айту керек. Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі. Егер орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары жоқ немесе қате болған жағдайда, басқа топ мүшелеріне жауап беруіне болады.
1. Елу жылда ел ---------- / жаңа, новый, new/
2. Өнер алды - қызыл --------- / тіл, язык, language/
3. Тіл тас жарады, тас жармаса ----- жарады / бас, голова, head/
4. Отан оттан да ---------- / ыстық, горячий, hot/
5. Жігіттің екі сөйлегені -------- / өлгені, умирать, die/
6. Адамды адам еткен --------- / еңбек, труд, labour, work/
Есенжол: Сайыскерлердің тілдік білімін анықтайтын Полиглот турының нәтижесін сұраймыз. Рахмет.
Білім - адам баласының ортақ қазынасы. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген грек философы Сократтың «Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ» деген даналық сөзі адам баласын рухани байлықтың көзі болып табылатын білім алуға шақырады. Білімді адам - иманды адам. Ал, жүрегінде иманы бар адам ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайды. Сайысымыздың келесі турында ата - аналарымыздың білімін анықтаймыз.
Бақыт: «Эрудит ата - ана» турының өткізілу жолы төмендегідей. Алдарыңызда «Салт - дәстүр», «Жалпы білім», «Мақал - сөздің азығы» және «Мәдени мұра» тақырыптарында сұрақтар берілген. Әр сұрақ қиындық деңгейіне байланысты 10, 20, 30 баллмен бағаланады. Егер жауап беруші ата - ана жауап бере алмаса, келесі топтың ата - анасы жауап беруіне болады. «Мақал - сөздің азығы» тарауында ата - ана мақалды аяқтау керек. Сұрақтар тек ата - анаға қойылатын болғандықтан, оқушы жауабы қабылданбайды.
«Эрудит ата - ана»
Есенжол:
1. Салт - дәстүр.
10 - Құдайы қонақ деген кім? /Шақырусыз, кенеттен келген қонақ/
20 - Бастаңғы деген не? /Үй иелері сапарға кеткенде үйде жастардың бас қосуы/
30 - Қой басты деген қандай дәстүр? /Киіз басқанда әйелдер бір үйдің қасына келіп, киізді домалатып, қой басты, қой басты деп айқайлайды, сол кезде үй иесі шығып оларға тәтті тағамдар ұсынып, қонақ қылу салтын айтамыз/
2. Жалпы білім
10 - «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? /Ы. Алтынсарин/
20 - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың лауазымдық атауы қалай аталады?
/Президент/
30 - 22 - қыркүйек қандай мереке? /Тілдер мерекесі/

Бақыт:
3. Мақал - сөздің азығы
10 - Атаңның баласы болма, / адамның баласы бол/
20 - Досы көппен сыйлас, / досы азбен сырлас/
30 - Жүзігің алтын болғанша, / жүзің жарқын болсын/

4. Мәдени мұра
10 - «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің авторы кім? /Абай Құнанбаев/
20 - Қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халқына таныту мақсатында Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған бұл топ 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіл әлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл қай топ? /Ұлытау/?
30 - ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев басты кейіпкер болып табылатын көркем фильм қалай аталады? /Менің балалық шағымның аспаны./

Есенжол: Сарапшылардан осы турдың нәтижесін сұраймыз.
Кезекті тағы да тамаша әнге берелік. Ән: «Анаға сый» Бүгінгі аналарымыздың құрметіне арналады. Орындаушы Салимов Дәурен.

Бақыт: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы жөнінде «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады.» - деген еді. Олай болса, бүгінгі мектеп шәкірті - ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға болар сайыскерлеріміздің жан - жақты білімін таразылау үшін «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын турды бастаймыз.

Есенжол: Бұл тур «Тұлғалар», «Мәдени мұра», «Әдебиет» және «Жалпы білім» деген тараулар бойынша сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады. Егер сайыскер жауап бере алмаса, басқа ойыншыларға жауап беруге болады.

Бақыт: Тұлғалар

Кім? Не?
ХХ ғасырдың бас кезінде Парижге барып ән салған әнші кім?
/Ә. Қашаубаев/
Қашан? Халқымыздың аяулы ұлы, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығы қашан аталып өтті? /2012 жыл, 12 қаңтар/

Қайда? Желтоқсан оқиғасының құрбаны, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков желтоқсан көтерілісі кезінде қайда оқып жатырды?
/Алматы қаласы, Сәулет құрылыс институтында./

Есенжол: Мәдени мұра
Кім? Не?
Бұл архитектуралық құрылыстың диаметрі 22 м салмағы 300 тонна. Күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамеллеон» әйнегінен жасалған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Бұл қай құрылыс. /Бәйтерек монументі/
Қашан? Облысымыздың орталығы Орал қаласының негізі қашан қаланды? /1613/
Қайда? 2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші қай қалада орнатылған? /Алматы/

Бақыт: Әдебиет
Кім? Не?
Абайдың шәкірті Ләйлі Мәжнүн поэмасын аударған, «Мұтылғанның өмірі» атты өлеңінің авторы кім? /Ш. Құдайбердіұлы/
Қашан? Махамбет Өтемісұлы қашан дүниеге келді? /1803/
Қайда? «Қалқаман – Мамыр» оқиғасы қай жерде болды? /Абай елінде, Тобықты жерінде/

Есенжол: Жалпы білім
Кім? Не?
П /пи/ - 3, 14 деп көрсеткен және бөлу амалына алғаш қос нүктені қолданған математик есімі кім? /Джонс/
Қашан? ҚР Европадағы қауіпсіздік және ынтымыақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етті. ҚР осы ұйымға қашан мүше болып енді? /1992, 30 қаңтар/
Қайда? Вашингтон қаласы қай өзеннің бойына орналасқакн? /Патомак/

Бақыт: Сайыскерлеріміздің білім нәтижелерін тыңдау үшін сөз сарапшыларға беріледі.
Есенжол: Сайысымыздың соңғы шешуші туры «Жорғаға» да келдік. Сіздерге 15 сұрақ оқылады, сол сұрақтарға тез, қатесіз жауап берулеріңіз керек. Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
Бақыт: І топ:
1. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ғылым. /Орфография/
2. Үш арыс /Сәкен, Ілияс, Бейімбет/
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар? /4/
4. «Сарыарқа» күйінің авторы. /Құрманғазы/
5. Синус, компьютер сөздері қандай сөздер? /термин/
6. Жаз мезгілінің соңғы айы. /тамыз/
7. Киіз үйдің қабырғасы не деп аталады? /кереге/
8. Түркияның астанасы. /Анкара/
9. Атмосфераның ең төменгі қабаты. /Тропосфера/
10. Аққудың балапаны қалай аталады? /көгілдір/
11. Абайдың шын аты. /Ибрахим/
12. Жыл атауынан құр қалған жануар. /Түйе/
13. «Әке мен бала» кімнің әңгімесі. /Ы. Алтынсарин/
14. «Невада - Семей» антиядролық қозғалысын кім ұйымдастырды? /О. Сүлейменов/
15. «Тонның ішкі бауындай» тұрақты сөз тіркесін қалай түсінесіз? /тату/

ІІ – топ:
1. Сөздердің дұрыс айтылуын зерттейтін ғылым. /Орфоэпия/
2. Үш биді ата. /Төле, Қазыбек, Әйтеке/
3. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
4. «Аққу» күйінің авторы.. /Н. Тілендиев/
5. Керует, самаурын қандай сөздер? /кірме/
6. Қыс мезгілінің екінші айы. /қаңтар/
7. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? /шаңырақ/
8. Қытайдың астанасы /Пекин/
9. Жердің ауа қабаты. /атмосфера/
10. Африкалық түйеқұс қалай аталады? /Страус/
11. Ш. Уәлихановтың шын аты. /Мұхаммедқанафия/
12. Жыл санауға кірген құс. /тауық/
13. «Таза бұлақ» кімнің әңгімесі. /Ы. Алтынсарин/
14. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату үшін күрескен большевик. /Т. Бокин/
15. «Жұлдызы қарсы» болу тіркесінің мағынасы. /Араз/

ІІІ - топ:
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым /фонетика/
2. Үш жүздің басын қосқан ұлы хан /Абылай/
3. Сан есім нешеге бөлінеді? /4/
4. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
5. Бір ғана мағына беретін сөз тіркесі не деп аталады? /тұрақты сөз тіркестері/
6. Күз мезгілінің екінші айы /қазан/
7. Жердің су қабаты не деп аталады? /гидросфера/
8. Францияның астанасы. /Париж/
9. Наурыз күні балалардың топталып айтатын әні. /жарапазан/
10. Балаға арналған тайға салатын ер. /ашамай/
11. Абайдың әжесі кім? /зере/
12. Қалталы жануар /кенгуру/
13. Көксерек шығармасы авторы? /М. Әуезов/
14. Алаш Орданың тұңғыш төрағасы. И /Ә. Бөкейханов/
15. «Жүрегі зу етті» - деген тіркестің мағынасы

Есенжол:
Сонымен «Білімді отбасы» деп аталатын зияткерлік сайыс та өзінің мәресіне жетті. Сарапшылар ойын нәтижесін қорытындылағанша кезекті тамаша әнге берелік. Мырзахметов Данияр ағайдың орындауында «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.

Бақыт: Қорытынды сөз мектеп директоры Шотанов Шарапи Тәжібайұлына беріледі.
Есенжол: Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегі Қайырқұл Шынар Самиғоллақызына беріледі.
Бақыт: Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын
Есенжол: Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын
Біліктіні тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз шырын жанның құнары - деп баршамызда білімді, білікті болайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×