Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс қызықтары

Ойын сауық
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар.
Ойын - сауық барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Нұртас: Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналам.
Сырғанақты ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай - ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).
Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.
Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер.
Жүргізуші: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға қысты іздеп келдік.
Сіз қысты көрдіңіз бе?
Мыстан: Кімді? Қысты? Ол мен ғой қыс. Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе?
Жүргізуші: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, қысты табуға?
Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтары:
Ұлжан: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
Марғұлан: Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Рахат: Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!
Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине.
1 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.

2 - ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты:
Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.
3 - ші ойын: «Шана тартысу». Ойынның шарты: Екі шананың артынан
байлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді.
Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?

Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да
Қысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар.
Жүргізуші: Балалар кәне ән салайық
Сол кезде алдымыздан Қыс шығады.
Қыс: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады - қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсы жаусын ақша қар.
Мариям: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)

Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?
1 - ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр». Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
2 - ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты: Мына таяқтарды қарлы тауға лақтырып қадау.
Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік. Балалармен бірге би билейік «Биші үйректер».
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
№ 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының
ІІ санатты тәрбиеші Шахметова Анар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×