Сайтқа кіру Тіркелу

Зерделілер марафоны

Зерделілер марафоны
Жүргізуші: Құрметті оқушылар «Зерделілер марафоны» сайысына қош келдіңіздер!
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Әділ - қазылар алқасы сайланады. Ойын барысында анықтайтындарыңыз.
1. Ұпайды ең көп жинаған топ.
2. Әр топтағы ұпайды ең көп жинаған оқушы.
3. Өнер сайысында көзге түскен, белсене қатысқан оқушыларды анықтау.
4. Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа бір ұпай беріледі.
5. Оқушылар сұрақ оқылғаннан кейін бірден жауап берулеріне болады немесе командамен ақылдасуларына 3 минут уақыт беріледі.
6. Егер сұрақтың жауабын білмеген жағдайда ол сұраққа екінші команда жауап беріп ұпай жинауларына болады.
Марафонның бірінші кезеңі
І топқа сұрақтар
Қазақ халқында 7 және 3 саны киелі деп саналған. Сол сандарға байланысты сұрақтар бар.
1. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
2. Үш қуат (ақыл, жүрек, тіл)
3. Үш жамандық (қан төгу, кісі малын алу, ата - бабадан қалған ескі жұртты бұзу)
4. Үш тәтті (жан, мал, жар)
5. Үш тоқтам (ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық)
ІІ топқа сұрақтар
1. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
2. Жеті амал (күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі)
3. Жеті жұт ( құрғақшылық, мал қырылу, өрт, топан су, оба, соғыс, зілзала)
4. Жеті жоқ (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреу жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)

Марафонның екінші кезеңі
Мақалдың жалғасын тап. Әр бір топқа алты мақалдан оқылады.
1. Денсаулығың болмаса, тіршілігің..........(далбаса)
2. Ауырсаң емін таппайсың, алтыннан.............(қымбат бағаға)
3. Тазалық бар жерде,..........(денсаулық бар)
4. Ауруын жасырған.............(өледі)
5. Денсаулықты бағала,..................(дәрігерді жағала)
6. Ауырып жазылсаң,.............(өмір олжа)
7. Ауру астан,.............(дау қарындастан)
8. Қотыр қолдан.........(жұғады)
9. Арпа бидай ас екен,..............(алтын күміс тас екен)
10. Көп сөз көмір,...............(аз сөз алтын)
11. Болат қылыш,...............(қап түбінде жатпас)
12. Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуға оңай,.............(темір кессең қысқа кес ұзартуға оңай)

Марафонның үшінші кезеңі
Жұмбақтың шешуін табу.
І топ
1. Иісі, түсі, өңі жоқ, табиғатта онсыз өмір жоқ.
Өсімдік егер көп болса, бөлінер содан ол бірақ. (оттек газы)
2. Атомның бір бөлшегі, тұрады ол ортада.
Элемент орны екенін, көрсетеді қашанда. (ядро)
3. Түссіз ауыр сұйықтық, су құйылса қызады.
Ылғал тартып ауадан, күштілігі артады.
Ал, кәнеки айтыңдар қай қышқылды айтады. (күкірт қышқылы)
4. Екі элементтен тұрады, жыра шұңқыр тұрағы.
Ол болмаса әлемде, барша тірлік қурайды. (су)
5. Табиғаттың орын алған төрінен, ең әдемі қызғылт түспен көрінем.
Жақсы өткізіп мен электр тогын да, өткізгіштер қатарына қосылам. (мыс)

ІІ топ
1. Қолданылам электр желісінде, осы менің негізі жеңісім де,
Жарқыратып әр үйге жарық берем, бағалымын адамға сол үшін де.
(алюминий)
2. Мен металмын риза еткен халықты, нұрға бөлеп үй көшені, зауытты
Электр шам балқып тұрған ішінде, мен емес пе шығаратын жарықты.
(вольфрам)
3. Мен металмын асылмен бара - бармын, ақша болып қоғамда дараландым. Бұйым жасап зергерлік мына менен, ерекше боп мәртебем бағаландым. (күміс)
4. Мен ежелден таныспын сұйық металл, жылу өлшеп пайдаға мен жараппын. (сынап)
5. Мен қас батырдың металымын, бүкіл елім біледі. Ер жүректер қолында елді жаудан қорғадым. (қорғасын)

Марафонның төртінші кезеңі
Қисынды есептерді шешу.
1 топқа
1. А және Б газ күйіндегі жай заттар. Олар өзара әрекеттескенде АБ заты күрделі зат түзіледі. Ол күрделі зат иіссіз, түссіз, дәмсіз, сұйық. Оның үш агрегаттық күйі бар. Ол қандай заттар? (су)
2. Екі ыдыста көзге көрінбейтін түссіз, иіссіз, газ толтырылған бірінші ыдысқа тышқанды жібергенде өзін сергек сезінеді, екінші ыдысқа шала жанған шырпыны апарса лап етіп жанады. Екі ыдыста қандай газ бар?
(оттек газы)
3. Бір күні таңертең жер бетінен бір элемент жойылып кетіпті, енді оны еш жерден таба алмайсың. Сол сәтте төсегің, парталар, орындықтар қирап, үй ортасына түседі. Машина трактор, мотоциклдердің бірі жоқ, осы элементсіз өсімдіктер солып қалады. Ал адам осының үш пайызын жоғалтса өлер еді. (темір)
4. Ауа құрамында қанша пайыз оттегі бар?
5. Тыныс шығарғанда қанша оттегі денеде қалады. (5%)

2 топқа
1. Дені сау адам бір минутта қанша рет тыныс алады. (16 - 18 рет)
2. Тыныш отырғанда адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Бір минутта 18 рет тыныс алса қанша ауа жұтады. (18*500=9000 мл)
3. Ересек адамның жүрегі бір минутта 70 - 75 рет соғады. Ал бір тәулікте қанша соғады.
(70*60=4200 рет 1 сағатта, 4200*24=100800 рет)
4. Қан 23 секундта денені бір рет айналады. Бір сағатта қанша рет айналады. (60/23 =3, 60*3=180 рет)
5. Адам тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Әр бір жұтқан сайын
5 % оттегін қабылдайды. Сонда қанша оттегін жұтады? (25 мг)
Зерделілер марафонының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз болған топ анықталады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Зерделілер марафоны
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені

Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені

Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы - ақыл 2. Жетекшісі - талап 3. Жолаушысы - ой 4. Жолдасы -кәсіп 5. Қорғаны - сабыр 6. Қорғаушысы - мінез 7....
Химиялық  элементтер туралы жұмбақтар

Химиялық элементтер туралы жұмбақтар

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Негметова Айдана Манарбекқызы...
Химиялық элменттер туралы мақал - мәтелдер жинағы

Химиялық элменттер туралы мақал - мәтелдер жинағы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ерсайынова Аруна Бейбітқызы...
ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп химия биология пәнінің мұғалімі Бакижанова Маржан Калимовна...
Оттектің физикалық қасиеттері. Оттек алу

Оттектің физикалық қасиеттері. Оттек алу

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С.Шапағатов селосы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі: Мархабаева Акмарал...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×