Сайтқа кіру Тіркелу

Грант 2024-2025 толық тізім

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс "Стоматология" БББТ бойынша болды. Бұл мамандық бойынша 35 талапкер бір орынға таласты. Ары қарай "Халықаралық қатынастар және дипломатия" (11 адам), "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" (10 адам), "Аударма ісі" және "Психология" (9 адам) болды. Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 22 мыңнан астам талапкер, олардың ішінде "Алтын белгі" иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Сондай - ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді. Ведомство мәліметінше, жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Білім гранты 2024-2025 оқу жылы жүктеп алу
Білім гранты 2024-2025 оқу жылы екінші сілтеме

Білім гранттар тізімі 2023 жыл, жүктеп алу
Білім гранттар тізімі 2023 жыл, жүктеп алу екінші сілтеме
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқулықтарды қазақ тіліне аудару туралы айтылды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқулықтарды қазақ тіліне аудару туралы айтылды

Барлығы 100 - ден астам оқулық аударылады. Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми...
Грант 2022-2023 толық тізім

Грант 2022-2023 толық тізім

Құрметті ата-аналар және жас талапкерлер асыға күтіп отырған жаңалық - бүгін 2022-2023 жылғы білім гранттарының тізімі жария болды....
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі анықталды. Біздің сайттан жүктеп алуға болады. Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!...
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімін жүктеу

2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімін жүктеу

2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі белгілі болды! Кіріңіздер, көшіріп алып өз фамилияңызды қарасаңыз болады. Барлық түлектерге...
Грант 2014-2015

Грант 2014-2015

Міне, көптеген оқушылардың, олардың ата-аналары күткен күн де келіп жетті. 2014-2015 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі шығып отыр. Бұл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×