Сайтқа кіру Тіркелу

"Ертегілер әлемінде" 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»
Сынып: 1
Мақсаты:
Білімділік: Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру. Ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті де, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгінгі 1 - сыныптар арасында ұйымдастырып отырған «Ертегілер елінде» сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші - Ертегісіз басқаның керегі не,
Ертегісіз дүние әдемі ме?
Назар аудар, ертегі қойылымы!
Қош келдіңіз, ертегі әлеміне!
жүргізуші - Қош келдіңіз, ертегі әлеміне!
Ертегінің бәріне берері мол.
Жамандықтан жиренер өсер ұрпақ,
Жақсылықтың шарықтап кемеріне
Ертегі деген не? Оның мақсаты қандай?
Оны білу үшін балалар мына бейнежазбаға назар аударайық
Балалар бүгінгі «Ертегілер әлемінде» сайысынық қазылар алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші:
Кел онда ертегіні шертейік біз.
Қауымды мына келген ертейік біз.
«Ертегілер еліне»бір саяхаттап
Келегендерді соңымыздан ертейік біз.- дей келе
Ортамызға 1 А сыныбының «Түлкі мен қоян» ертегісін тамашалауға шақырамыз.

Кел, балалар тұрмаңдар,
Бізде, қызық думан бар.
Атамыздың алуан,
Ертегісін тыңдаңдар
Келесі кезекті 1 Ә сыныбының «Үйшік» ертегісіне береміз

Ерте, ерте, ертені
Аңыз қылған, ән қылған.
Кел, ертегі тыңдайық,
Ата - бабаң қалдырған - дей келе
1 Б сыныбының «Дос іздеген бота» атты ертегісіне кезек береміз
.
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.
Бұл қай ертегі?
Әрине « Шалқан» ертегісі. Келесі кезекте 1 «В» сыныбына береміз

Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте, ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 1 Г сыныбының «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісіне береміз.

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді. Демекші
1 ғ сыныбының «Ғажайып бақ» атты ертегісіне береміз

«Бар екен де, жоқ екен,
Бөре бақауыл екен
Түлкі жасауыл екен,
Ертек, ертек, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Құйрығы келте екен,
Құйрығы қызыл екекн,
Құйрық жүні ұзын екен», - деп, 1 Д сыныбының «Аю мен қоян» ертегісін тамашалауға шақырамыз

Осымен ертегілер әлеміне саяхатымыз өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына береміз. Марапаттау кезеңі.

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен. Көріскенше күн жақсы. Сау болыңыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін...
Ертегілер еліндегі шалқан

Ертегілер еліндегі шалқан

Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...
«Ертегі ханшайымы қонақта»

«Ертегі ханшайымы қонақта»

Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...
Ертегі айта білеміз бе?

Ертегі айта білеміз бе?

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Ертегі айта білеміз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×