Сайтқа кіру Тіркелу

Рахмет, саған бастауыш!

Тақырыбы: «Рахмет, саған бастауыш!»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру.
2. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім ордасы - мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуға жетелеу.

Мұғалімнің сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн - осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып - біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат - дегендей мұны көру бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт. Бұл күнге жайдан жай жете салмағанымызды ескерсек мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Әліппемен қоштасу, дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Мектепшілік сайыстар, өз өнерлерін шыңдау бала жанына әсерін тигізбей қоймасы анық.
Осы жағдайда менің ұстанған бағытым тек кітаби білім беріп қана қоймай еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды. Ол жағдайға бүгін толық жетпесе де ертең жететініне сенемін. Сондықтан алдымнан ұшқалы тұрған шәкірттеріме бірінші байлық - денсаулық демекші денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді ел билейтін ұл, қыз болыңдар!
Ата - аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!

1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум ағайын!
2 - жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
1 - жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
2 - жүргізуші: Иә бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той.
1 - жүргізуші: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой - санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер сырын ұғындырған алғашқы ұстазбен қоштаспақпыз.
2 - жүргізуші: Пәндер патшалығына барып келейік. «Пәндер айтысы" көрініс.

1 - оқушы: Көлге айналған бұлақтың
Том - том болған кітаптың
Хормен: Басы болған «бастауыш».
Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
«Ол алғашқы ұстаз ғой».
Ән «Мұғалім - ол біздің».

2 - оқушы: Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.

3 - оқушы: Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.

4 - оқушы: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл әнім.
Ән: «Анадай асыл мектебім».

5 - оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

6 - оқушы: Қош келдің деп балдырған,
Күліп шыққан алдымнан
Шексіз сеніп ата - ана
Балаларын қалдырған.

7 - оқушы: Есімде ерен ұстазым,
Басымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс - жазы,
Молынан мейір төккенің.

8 - оқушы: Маған ұстаз үйретті
Әліппесін өмірдің
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілді.
Хормен: Ұлағат ісін сүйемін
Ұстазға басымды иемін.

Ұстаздарға арнау: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген ұстаздар қаншама десеңізші! Сол ізгі ниетті ардақты жандарға арналған лебізімізді білдіруге рұқсат етіңіздер!

9 - оқушы: Қаншама жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан - салалы
Үлесі бар мектепті көркейтуге
Бағдаш апай сізге алғыс жолданады.

10 - оқушы: Үйреткен сөз өнердің қыр - сырларын,
Гүлдеткен үлес қосып бала бағын.
Рзагүл апайға шексіз алғыс
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.
11 - оқушы: Класқа кіріп келгенде
Қимылдамас еш пенде
Клара апай тәрбие мен тәртіпті
Ұғындырған біздерге.

12 - оқушы: Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.
Гүлжан апай
Қабыл ал, алғыс балаңнан.

1 - жүргізуші: Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға - деп айтуында терең мағына жатыр.
Ән: Ұстазым.
2 - жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген - Ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да – Ана! Бұл өмірде бәріміз де қарыздармыз.
1 - жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен дейді. Алайда, ардақта анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1 - оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең ақ мақтанышының.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

2 - оқушы: Күн боп күліп балаға
Ой жіберген санаға.
Мың бір сәлем жолдаймыз,
Ардақты абзал анаға.
Ән: «Ару ана» және ән «Анашым». Орындайтын оқушылар.

2 - жүргізуші: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген деп, ендігі өлең жолдарын асқар таудай әкелерге арнаймыз.
Ән «Әкешім - анашым».

3 - оқушы: Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алдым
Рахметімді жаудырамын.

4 - оқушы: Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алдым көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет саған, бастауышым мектебім!
Вальс биі. 4 сынып оқушылары.

1 - жүргізуші: Балалар біз нені үйрендік?
Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.

2 - жүргізуші: Біз кімді сүйеміз?
Ата - ананы, халқымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды.

1 - жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Ұстаздың көрсеткен жолы,
Ата - ананың ақылы,
Болашаққа деген берік сезім.

Хор: «Өз елім
Атамекен».

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мына өмірде - дей келе құттықтау сөз мектеп директорына, ата - аналарға беріледі.
Бастауышпен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы біліммен аяқтаған оқушыларыма да осы сапалық құрамын сақтап үнемі жақсы оқуларыңмен болашақ тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер. Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай
Аман - есен болыңдар!
Ертеңгілігіміз аяқталды.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта
мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тулеугалиева Мереке
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп,...
Бастауыш сыныбымен қоштасу

Бастауыш сыныбымен қоштасу

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолының бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қалатынына көз жеткізу;...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×