Сайтқа кіру Тіркелу

«Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінің сценарииі

«Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінің сценарииі
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, өнер сүйер халқым!
2 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
1 - жүргізуші: Бүгін «Ұзын - Ата» мектебінде үлкен мереке!
2 - жүргізуші: Олай болса, «Туған жерге тағзым» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Ендеше фестивальға келіп отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар.
1. Балалар саз мектебінің директоры, қазылар алқасы төрайымы: Жораева Асия Бахадүрқызы
2. Оқушылар үйінің директоры: Жиенбаева С.
3. Балалар саз мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдиева Ақтолқын
4. Балалар саз мектебінің ұйымдастырушы педагогы: Кәрібаева Манат
2 - жүргізуші: Шырқап ән түгел дауыс көмекейден,
Сайра тіл ағыл - тегіл, салған жерден.
Келіңдер кел, жолдастар ән шырқайық,
Жойқын үн жатсын жарап біздің елден.
1 - жүргізуші: Арта берсін байлығы дәулетің
Бағын тапқан ата - баба әулетің!
Күннен күнге өсе берші көркейіп
Қазақстан – менің Атамекенім.
Хор: Е. Хасанғалиевтің әні «Атамекен».

2 - жүргізуші:
Қазақстан,
Пай, пай, пай!
Ардағым - ай!
Сен менің шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай.
Ән: «Қазақстаным» Димаш Құдайберген репертуарынан орындайтын
6 - сынып оқушысы Аралбайқызы Ақбота.
1 - жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау - көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Туған жер Қазақстан - елім менің
8 - сынып оқушысы Қарымсақ Ақүміттің орындауында «Қазағым» әні.
2 - жүргізуші: Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Қазақ халқының биі «Шалқыма»орындайтын «Баян сұлу»бишілер тобы.
1 - жүргізуші: Туған жер - бақыт ордасы, сол себепті туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка ал кейбіреулер көкірегіндегі ойларды жалынды сөздермен, әдеби тілмен жеткізеді. Олай болса кезекті мәнерлеп оқуға береміз.
1. 6 - сынып оқушысы: Аралбайқызы Ақбота «Төрт ана»
2. 7 - сынып оқушысы: Қадірбай Әсем «Туған жер»
3. 8 - сынып оқушысы: Мысқалбай Мерей «Атамекен»
Мысқалбай Ақбота «Сен қазақсың». Жанабіл Мөлдір өз шығармашылығынан «Қазақстан»
4. 9 сынып оқушысы: Тұрсынбай Зухра өз шығармашылығынан «Туған өлкем - неткен көркем».
5. 9 - сынып оқушысы: Ешберген Фариза «Қазақстан»
6. 10 - сынып оқушысы: Қалдар Артықай «Қазақ тілі»
2 - жүргізуші: Мерекең құтты болсын туған өлкем
Гүлдене бер бұтақ жайып өсіп өркен.
Бүгінгі күнің бізді қуантады.
Болашағың бұдан да болсын көркем.
Сахнада «Жорға» биі орындайтын «Ақсымбат» би тобы.
1 - жүргізуші: Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Құтты болсын мереке шашулары.
Бар өнер, ән - биіміз сіздер үшін.
Сіздер үшін әншілердің асыл әні
Ән: «Туған жер» дуэт орындайтын Совет Ақерке, Құттымұрат Индира.
2 - жүргізуші: Ата бабам қаны тамып өткен жер
Қиындықпен, азаттықпен жеткен жер!
Ақ әжелер, қариялар бас қосып,
Салт - дәстүрін мәңгі сақтап өткен жер.
Көрініс: «Қалқаман - Мамыр»(Үзінді 10 сынып оқушылары).
1 - жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары, жаны, жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі»- деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Ұлт аспаптар ансамблінің орындауында халық әні «Сәулем - ай» орындайтын дуэт Амантұрлы Гүлмира, Көпжан Айжан.
2 - жүргізуші: Ынтымақ, достық, береке -
Бағымыз біздің жайнаған.
Ынтымақ бақыт, дарыған -
Шаттыққа толы мереке.
Сахнада өзбек биі «Бу хоет» орындайтын «Ай ару» тобы.
1 - жүргізуші: Туған жер күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйсе сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ, басқа абырой,
Жетіп жатыр, тек өзің ұлым десең!
Ән: «Батырлар ұраны» орындайтын 6 сынып оқушысы Кененбай Ырысдәулет
2 - жүргізуші: Өнерге нәр беретін шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып қыздарыңыз шықты міне,
Қонақтар қошеметпен қарсалады.
Би: «Ұлытау» орындайтын «Жұлдыз» тобы.
1 - жүргізуші: Өнер десе өрілген,
Биіктерден көрінген.
Өнерпаздар шығады,
Өнерімен көрінген.
Сахнаға «Акрабаттарды»қарсы аламыз.

2 - жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Ән: «Мен қазақпын» әнімен Жаңабай Нұрқанатты шақырамыз.
1 - жүргізуші: Отан дегеніміз әр адамның туып өскен жері. Адамдардың жақсы бақытты өмір сүру көп жағдайда отанына деген сүйіспеншілігіне байланысты
2 - жүргізуші: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»деген. Туған жер кіндік қаның тамған, туып өскен жерің.
1 - жүргізуші: Білігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берші, жайнай берші жарық күн!
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын 6 сынып оқушысы Убайдулла Рауан.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×