Жезде (ер) – әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдеседі. Олар тату болады. Дәстүр бойынша балдыздары жезденің құлағынан тартып ойнайды.
Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай қиналады. Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да: – Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері!
Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне: – Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер.