Сайтқа кіру Тіркелу

Табақ тарту, тіл кестіру

Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Тіл кестіру
Тіл кестіру /дәстүр, ырым/. «... сырқатқа бірде бірі сездірмеске тіл кестіргендей жақ ашпады» /Д. Әбілев/.
Халық ұғымы бойынша сұқтана қарағанда жақсы адамдарға, сәбиге, малға тіл немесе көз тиеді. Мұндайда «тілден сақта, тіфә - тіфә», «көзден сақта, сұқ - сұқ» деп жатады. Ал, ауырып қалған жағдайда «тіл кестіру» дәстүр - ырымын қолданады. Оның шарты мынадай: Ауырған адамды бірнеше күнге, кейде айлап оңаша үйге сақтап, оны балгерлер ұшықтау, дұғалау, қағу арқылы емдейді. Ауру адам сол уақыттарда ешкіммен сөйлеспейді, тіл қатыспайды. «Тіл кесті» деген сөз осыдан шыққан. Ауру адам бойын таза сақтап, тәңірден тілек тілейді, аруақтарға дұға оқиды. «Тіл кестіру» мерзімі біткеннен кейін, халыққа құдайы береді. Біраз уақытқа дейін көппен араласпайды. Өнерпаз, әнші, ақыл болса топ алдына шығармайды. Жүйрік атты бәйгеге қоспайды.

Табақ тарту
Табақ тарту /салт/. Аста, тойда, мерекеде табақ тартудың өзі үлкен өнер, елдікке сын. Сондықтан мұның да өзіндік салттық тәртіптері бар. Әр табақ қонақтың дәрежесіне, жасына, жолына сәйкес тартылуы тиіс. Олар бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ т. с. с. бірнеше түрге бөлінеді. Бас табақ құрметті адамдарға, қонақтарға, құдаларға арналғандықтан мұнда бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе, қазы, жал, жая т. б. кәделі мүшелер тартылады. Сый табаққа да осындай мүшелер салынады. Жастар мен келін табақтарына асықты жілік, төс, омыртқа сияқты мүшелер де жарай береді. Жалпы табақ тарту – салт қана емес ұлттық әдеп пен дастарқан, тамақ беру мәдениетінің кепілі. Әр қонаққа лайықты мүше болмаса – ол білімсіздіктің белгісі ретінде сынға алынған. Қонаққа ірі малдың жамбасының шұқыршағы тартылмайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×