Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Өлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар
Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай қиналады.
Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке - шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке - шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке - шешесін күтіп ала алмайды.
Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, аруағы риза болмайды.
Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бұл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым.
Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда басқа үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бұл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, аруақтар риза болмайды.
Өлген адамға дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін бет - қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бұ «өлім - жітім аз болсын» деген ырым.
Көзі тірісінде өзіне көр қазуға болмайды. Бұл жаман ырымға жатады.
Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды. Өліктің артын күтеді.
Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді. Бұл аруақты қорлау болып саналады.
Өлген кісінің қабірін баспайды. Себебі аруағы риза болмайды.
Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды. Бұл аруақтарды қорлау болып саналады.
Моланың басында жүрелеп емес, малдас құрып отырады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Өлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 5093
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары, өлікке қатысты тыйымдар
Ұқсас жаңалықтар:
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек....Қазақтың ырымдары мен тыйымдары: Адамның іс - әрекетіне қатысты
Ырымдар Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді. Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді....Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған...Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады....Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.