Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іріткі ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.
Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң - тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
Ақтың жуындысын адам жүретін жерге төгуге болмайды.
Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар
- ramuk_b
- 8 желтоқсан 2020
- 2811
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ыйымдар мен ырымдар, қазақ халқының ырымдары мен тиымдары
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған...Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады....Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...Сүт туралы мақал-мәтелдер
Ана сүтін ақтамағанды Ешкім мақтамайды. Ернінде сүттің дәмі тұр....Сүт өнімдері
Жезқазған қаласы, «№ 21 жалпы білім беретін» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы 1 «Б» сынып оқушысы Джакетаева Фатима Ғылыми – зерттеу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.