Уақытыңды басқар
Ерекше құндылыққа ие уақыттар
Жұма – аптаның өлшемі,
Рамазан – жылдың өлшемі,
Қажылық – өмірдің өлшемі.
Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір сүргендігін білеміз. Ең бірінші адамның пайғамбарлығымен Жаратушыға құлшылықты бастап кеткен соң жандардың мыңдаған жылдар бойы ғибадат жасап, мол сауапқа кенелуге мүмкіндіктері болған. Ал кейінгі уақыттарда адам баласының өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда қысқарғанын көрудеміз. Тіпті ең соңғы Пайғамбар Әз Мұхаммедтің (с. а. с.) кезеңінде де адамдардың ғұмыр жасы ұзақ дегені жүз жылдың шамасында болған. Соны ойлаған Алланың Әз Елшісі (с. а. с.) бұрынғы үмбеттермен салыстырғанда өз үмбетінің өмір сүру ұзақтығы қысқа болғандықтан, құлшылық ету уақыты да азырақ, соған сәйкес сауабы да кемшін болатынын уайымдап қам жеген. Сүйікті Елшісінің уайымы мен тілегін білген Раббысы ақырзаман үмбетіне аз уақыттың ішінде көп сауапқа ие болатын мүмкіндіктер сыйлаған.
«Қадір түні мың айдан да артық» деген «Қадір» сүресінің аяты осыны сүйіншілеп, осынау бір қасиетті тнде құлшылық жасау арқылы, 83 жыл 4 айлық ғибадаттың сауабына кенеле алатынымыз жайлы қуанышты хабарды жеткізген.
Соңғы үмбет болғанымызбен қатар ерекше үмбет етіп, Алла Тағала бізге Қадір түнімен қоса басқа да қасиетті түндер мен күндерді сыйлаған, осынау дамыған заманға жеткізіп, бұған дейінгі ешбір уақытта болмаған мүмкіндіктер тарту еткен. Сондай уақыттардың барлығы – біз үшін қысқа уақытта көбірек сауап жинап үлгерітін, дұғаларымыз қабыл болатын зор мүмкіндіктер.
Құран аяттары мен хадистерде бір уақыттың басқа уақытқа қарағанда артықшылығы бар екені айтылады. Осы арқылы адамдар өмір атты қазыналарын ең тиімді жолмен қолдануға және уақыт тұрғысынан көп нәрсені ұғынуға шақырылады.
Кейбір айлар мен кейбір күндер, тіпті кей сағаттар басқа уақыттарға қарағанда ерекше болады. Аз уақытта көбірек пайда тауып, өмірді табысты қылу үшін сол құнды уақыттардағы мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ерекше құндылыққа ие уақыттар
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 2017
- 0
- 0
Ілмек сөздер: уақыт, уақытыңды басқар, уақытты тиімді пайдалану, пайдалы кеңестер
Ұқсас жаңалықтар:
Жапония тұрғындардың 6 әдеті, олардың арқасында жапондарды бақытты ұлтқа ай ...
Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 85, 3 жылды құрайды. Жапондықтар жақсы әдеттердің арқасында біртіндеп бақытты ұлтына айналуда....Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
2. Күтпеген қонақтар Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін....Технологияны дұрыс қолдану
Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу....Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...
Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....Құрбан айт мейрамы 2019
Биыл құрбан айт тамыз айының 11,12,13 күндеріне түсіп отыр. Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.