Семинар тренинг: Сабақта интернет ресурстарын пайдалану
Математика пәні мұғалімі: Тойбекова Рымтай Аскатовна
Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына кешегі күнгі Жолдауында 10 міндетті атап айтты. Соның ішіндегі жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы.. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видео құрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет», делінген. Сонымен қатар цифрлық технология енгізу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде елімізде 3D принтер, онлайн - сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамып келеді.
Бұл мақсатқа жету үшін бүгінгі күндегі ұстаздың алдында тұрған міндет оқушыларды интернет ресурстарын пайдаланып, ақпараттық технологияның көмегімен оқыту.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н. Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Онлайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану
- ramuk_b
- 16 ақпан 2019
- 6177
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Сабақта интернет ресурстарын пайдалану, баяндама, мақала, мәлімет
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кокенова Еркежан Тлеутаиевна...Қашықтан оқыту
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,...«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәнімұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.