Сайтқа кіру Тіркелу

Мінез – адам көрсеткіші

Психологиялық сабақ
Тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші

Мақсаты: оқушылардың мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
- Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
- Адамгершілікке тәрбиелеу:
Шаттық шеңбері.
Әңгімелесу. Адам өмірі – іс – әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда, адамның өзін осы қабілетке баулып тәрбиелеуге мүмкіндік мол.
«Ойланайық, пікірлесейік».
• Неліктен «Мінез – адамның көрсеткіші болады» деп ойлайсыз?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзетуге болады?
Мәтінмен жұмыс.
Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.
• Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі көріністері қандай?
• Сіз өзіңіздің бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?
Жаңа ақпарат.
Мінез – кісінің өзіндік бағдарының жан дүниесі ерекшеліктерінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады. Мінезде адамның сыртық ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, сабырлы болып түрлі салаларға бөлінеді.
Тәрбиелі мінез – көпшіл, ізетшіл, адамға қамқор, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірмен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық қасиеттерден тұрады.
Толық мінез адам – рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой – өрісі кең адамдар. Бірқалыпты мінезді адам құйындай ұйтқып тұрмайды, сөзі мен ісі бір емес.
Жақсы мінез, адал ниет, пейілінің кеңдігі мен ниеттің тазалығында екен.
Тапсырма: Өзіңнің қандай екеніңді білу үшін өзіңе сын көзқараспен қара. Мынадай сұрақтарға жауап бер дейді.
10) Мінезіңнің күшті жақтары қандай?
11) Мінезіңнің осал жақтары қандай?
12) Басқаларды сен қалай қабылдайсың? (жақсы ма, әлде жаман ба?)
13) Туған – туыс, достарыңмен қарым – қатынасың қандай?
Тест. Өзіңізге мінездеме.
Нұсқау: Сізге 6 әріпке (АБВГДЕ) топтастырылған сұрақтар жиынтығы ұсынылады. Әр жиынтықта 5 сұрақтан берілген. Сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз. Қандай да бір жиынтықта «Иә» жауабы көп болса, онда сол жиынтықтың әрпін аласыз, ал «Жоқ» басым болса «О» әрпін аласыз.
1) Сіз қалжыңдаса білесіз бе?
2) Сенгішсіз және достарыңыздан ешнәрсе жасырмайсыз?
А 3) Бір сағаттан артық ешкіммен сөйлеспей отыра аласыз ба?
4) Өз заттарыңызды басқа біреуге оңай бере аласыз ба?
5) Сіздің достарыңыз көп пе?
1) Қонақтардың көңілін аулап еліктіре аласыз ба?
2) Нақтылық уақытымен жүру сіздің мінезіңізге тән бе?
Б 3) Сіз ақша жинақтайсыз ба?
4) Қатаң стильде киінгенді ұнатасыз ба?
5) Ішкі тәртіп ережелерін ұстануды қажет деп санайсыз ба?
1) Ішкі тәртіп ережелерін ұстануды қажет деп санайсыз ба?
2) Ұстамдысыз ба?
В 3) Ішкі қарама – қайшылықтарыңыз күшті ме?
4) Көпшілік ортада көпшіліктің назарын өзіңізге аудара алсыз ба?
5) Сізге басқа біреу еліктей ме?
1) Дөрекі сөздерді қолдана отырып, мұндайға таң қалатын адамдармен сөйлесе аласыз ба?
2) Емтихан алдында мен бәрін білем деп мақтана аласыз ба?
Г 3) Біреуге ескерту сізге тән қасиет пе?
4) Сіз достарыңызды таң қалдырғанды ұнатасыз ба?
5) Басқа адамдардың пікірін күлкі қылу ұнай ма?
1) Сіз үшін әртіс, тележүргізуші мамандықтары инженер, лаборант, библиограф мамандығына қарағанда ұнамдырақ па?
2) Танымайтын адамдардың ортасында өзіңізді еркін сезіне аласыз ба?
Д 3) Сіз үшін кешкісін спортпен айналысу үйде отырып кітап оқығаннан ұнамдырақ па?
4) Сіз сыр сақтай аласыз ба?
5) Мерекелік дастарханды ұнатасыз ба?
1) Демалыста көңіл көтеруге арнайы дайындаласыз ба?
2) Жазу жазғанда тыныс белгілерін ретімен қолданасыз ба?
Е 3) Сатып алған заттарыңыз бен шығындарыңызды есептейсіз бе?
4) Жинастырып, ретке келтіруді ұнатасыз ба?
5) Сізге сенімсіздік қасиет тән бе?
Кілті:
Сіз туралы басқа адамдардың ойы.
АОО – Сізді көбінесе сенімсіз адам деп санайды. Сіз көңілді әрі сөзшеңсіз. Сіз әрқашан да айтқандарыңыздың бәрін орындай бермейсіз. Достарыңыз сізді оңай көндіреді, сондықтан да сізді әсерге тез берілгіш деп санайды.
АОБ – Сіз ұяң емессіз, кейде адамдар сізді дөрекі деп ойлауы мүмкін. Сіз ерекше болуға ұмтыла отырып, басқаларға қайшы келесіз. Кейде кешегі айтқандарыңызды бүгін терістей отырып, өз – өзіңізге қайшы келетін кездеріңіз болады. Сіз ұқыпсыз, мұңсыз, жауапкершіліксіз адамсыз.
АБО – Сіз айналыңыздарға билік жүргізгенді ұнатасыз. Сіз ашықсыз, салмақтықсыз, басқалардың пікірін сыйлайсыз, сізді адамдар ешқашан қиындыққа қалдырмайды деп ойлайды.
АБВ – сіз айналаңыздарға билік жүргізгенді ұнатасыз. Сондықтан да сізді дөрекі деп ойлайды, көпшілік адам сізден қашқақтайды.
ООО – сіз ұстамды, тұйықсыз. Сіздің не ойлап тұрғаныңызды ешкім білмейді. Сізді көп адамдар түсіну қиын деп есептейді.
ООВ – сіз әңгіме барысында екінші адамға сөйлеуге мұрсат бермейсіз. Сіз туралы «мінезі неткен жаман, ұстамсыз» деп ойлайды.
ОБО – Сіз сияқты адамдар мектеп қабырғасында үлгілі жақсы бағалар алады, мұғалімдер оларды сыйлайды, ал жолдастарыңыз мақтаншақ деп ойлайды.
ОБВ – Сіз ұсақ - түйекке бола ренжіп ұрсысып қаласыз. Сізді бәрі ренжітеді деп ойлауыңыз мүмкін. Сізді өкпелегіш, күдікшіл адам деп ойлайды.
Сіз шындығында қандайсыз?
ООО – Сіз жаңалыққа құштарсыз, қиялыңыз ұшқыр. Күнделікті күйбең сізді тез жалықтырады. Сіздің мінезіңіздің шынайы білетіндер өте аз. Сізді ұстамды, жуас, өміріне көңілі тоқ адам деп санауы мүмкін, ал шындығында сіз қызықты оқиғаларға толы өмірді қалайсыз.
ООЕ – Сіз ұялшақ адамсыз. Бұл таныс емес адамдармен қарым – қатынас кезінде анық байқалады. Сіз отбасы мен жақын достарыңыздың арасында ғана өзіңізді еркін сезінесіз. Бөтен адамдар қасында қысыласыз, бірақ мұны жасыруға тырысасыз. Сіз шыншыл және еңбекқорсыз. Сізде көптеген жақсы ойлар, идеялар бар. Өзіңіздің қарапайымдылығыңыздан көбінесе көлеңкеде қаласыз.
ОДО – сіз ашықсыз, адамдармен кездескенді ұнатасыз, оларды маңайыңызға жинайсыз. Жалғыздыққа жаныңыз қас. Бөлмеде жазу үшін де жалғыз қала алмайсыз. Сіз үнемі басқалар сияқты емес, өзгеше жасауға ұмтыласыз. Бірақ көбінесе өзіңізді ұстап қаласыз.
ОДЕ – Сіз ұстамдысыз, бірақ ұяң емессіз. Қарым – қатынаста өз орныңызды білесіз. Бәрімен сыпайы, кішіпейілсіз. Сіз жиі мақтау естіп үйренгенсіз. Қоғамсыз сіз өзіңізді жайсыз сезінесіз. Адамдарға жақсылық жасағанда ұнатасыз. Бірақ бос арманға берілгіштік бар.
ГОО – сіз біржақты ойлар айтып, оны қызбалықпен қорғауға дайынсыз. Сондықтан да қарсылықтарыңыз көп, тіпті достарыңыздың өзі сізді түсіне бермейді. Бірақ сіз бұған онша мән бермейсіз.
ГОЕ – Сіздің мінезіңіз қиын. Қалжыңды да түсіне бермейсіз. Басқа адамдардың әрекеттерін сынап, өзіңіздің айтқаныңызбен жүргіңіз келеді. бағынбай, ашуыңыз келеді. Сондықтан да достарыңыз аз.
ГДО – сіз ерекше адамсыз және достарыңызды таң қалдырғанды ұнатасыз. Егер біреу кеңес берсе, сіз не болатынын көру үшін керісінше жасайсыз. Бұл сіз үшін қызық, ал басқаларды ашуландырады. Тек сіздің ең жақын достарыңыз өзімшіл емес екеніңізді біледі.
ГДЕ – Күш – қуатыңыз мол, кез келген жерде өзіңізді еркін ұстайсыз. Достарыңыздың арасында басты рөлде болғанды қалайсыз. Түрлі ойындар ұйымдастырғанды ұнатасыз. Айналыңыздағы адамдар беделіңізді мойындайды, себебі сіздің ойларыңызда салмақтылық пен шындық бар.
Тапсырма. Дәптердегі «Мінезімнің жақсы жақтары және мінезімнің міндері» деген кестені толтырыңыз. Мінезіміздегі міндеріміз шарды ішіне үрлейміз де бойымыздан аластатамыз.
Қорытынды. Кері байланыс қағазын толтырамыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×