Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№2 Арал кәсіптік лицейінің
физика және информатика пәні оқытушысы
Гүлден Жансүгірова.
Физика - менің өмірім
Физика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау және білімге қызығушылығын арттыру мақсатында тарауларды қайталау сабақтарын саяхат сабақ ретінде өткізу тәжірибемнен «Электр және магнетизм, электромагниттік индукция» тарауы бойынша өткізілген қорытынды сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «Физика – менің өмірім»
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік: Электр және магнетизм тарауы бойынша алған білімдерін бекіту және физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа, алған білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі. Топ бойынша жұмыс
Көрнекілігі: тұрақты магниттер, фотолар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: химия, география, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру. Әділ қазылар алқасын сайлау және олармен таныстыру.
Мұғалім саяхатты бастаушы болады, оқушылар 2 топқа бөлініп ізіне ереді. Қарама -қарсы столдарға жайғасады. «Дала» слайды көрсетіледі.
Мұғалім: «Дала қандай тамаша, серуенге де күн ашық кезде шыққан екенбіз, жүріңдер!»
Оқушы: Апай, мен жерден магнит тауып алдым, бұл сізге керек қой?
М: Иә, әрине үлкен кесегін тауыпсың ғой. Мұны Қытайлықтар не деп атайтынын білесіңдер ме?
О: Иә, мұны Қытайлықтар «Сүюші тас» деп атайды. Бұл өз балаларын бауырына тартқан «нәзік анадай» өз бауырына тартады деген мағынаны береді.
М: Өте дұрыс, магнит барлық заттарды да өзіне тартады ма?
О: Жоқ, магнитке нашар тартылатын және одан тебілетін де заттар бар
М. Олар қандай заттар?
О: Марганец, аллюминий сияқты металдар нашар тартылады, ал диамагнетик деп аталатын мырыш, висмут, күкірт сияқты денелер күшті магниттерден тебіледі.
М: Оқушылар, біз саяхатымызды зауыттарға барумен жалғастырамыз, бірақ біз адастық, оқушылар енді қайттік?
О: Апай, завод қай жақта деп едіңіз?
М: Солтүстік жақта
О: Сасатын түгі жоқ, менде компас бар, оңай табуға болады
М: Иә, бірақ оны қалай пайдаланамыз?
О: Жер алып магнит. Оның оңтүстік және солтүстік полюстері болады. Оның оңтүстік полюсі солтүстік географиялық ендікпен, солтүстік полюсі жердің оңтүстік географиялық ендігімен сәйкес келеді. Компастың тілшесі жердің магнит өрісі әсеріне сезімтал болғандықтан, ол үнемі солтүстік полюсті көрсетіп тұрады. Міне, солтүстік жақ, кеттік!
М. Жарайсың, компас болмағанда адасатын едік
О: Апай, кеш батып барады, қай жерге аялдаймыз?
М: Күн жылы, тез күркемізді тігіп, тамақтанайық, демалып, таңертең жолға шығамыз
О: Онда мен балауыз шамын жағайын, электр жарығы жоқ қой.
Жағылған шам жалынына екі жағына тауып алған магнитті тақағанда, шам жалынының формасы өзгереді.
Мұны көрген мұғалім: Жаңа ғана түзу жанып тұрған шам жалынының формасы өзгеруінің себебі неде?
О: Апай, күшті магниттік әсерге сезімталдығын көрсетіп тұр
М: Барғанша жол қысқарсын, мына сурет нені білдіреді, қолдың үстіне неге шегелер белгілі бір ретпен орналасқан?
О: Ол электромагнит өрістеріне қойылған қол арқылы магнит күштері өтіп жатыр, ал шегелер магниттің күш сызықтарының сызбасын көрсетеді. Ал қолдың өзі магнит күшін мүлде сезбейді.
М: Сен тауып алған магнит пен мына электромагнит арасында айырмашылық бар ма?
О: Мен тауып алған магнит табиғи магнит және тұрақты магнит деген түрі де бар. Ал мына электромагнит өздерін ораған электр тогымен магниттелген темір массасы.
Слайд арқылы жүк пойыздарына тиелген темір бөшкелер көрсетіледі.
М: Оқушылар ана кетіп бара жатқан бөшкелер, тонналаған темір шегелер, вагондар бір жерден екінші жерге қалай тасымалданады?
О: Мұндай үлкен массаларды ұстап тұру, бір орыннан екінші орынға жылжыту электромагниттік көтергіш крандар арқылы жүзеге асырылады. Орамдарына электр тогын жібергенде ол магниттеліп, бөшкеге тиелген шегелерді, темір кесектерін бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Тіпті 1 вагонды да көтеретін қуаты өте күшті электромагниттер де бар.
О: Бұл ғажап екен!
М: Ғажабы ғажап қой, бірақ кенет электр тогы болмай қалса ше, адамдар өліп қалмай ма?
О: Осындай апат жағдайы болған. Сонан кейін осындай қауіпті жағдайларды болдырмау және электр энергиясын үнемдеу мақсатында электромагниттерге ерекше тетіктер орнатылады. Тасылатын заттарды магнит көтергеннен кейін электромагниттің бүйір жағынан мықты болат қапсырмалар төмен түсіріліп, тығыз етіп жабылады. Бұлар жүктерді өздері ұстап тұрады, ал жүктерді тасу кезінде ток беру тоқталады.
М: Иә, бұл қазіргі техниканың дамығандығының айғағы. Қатты қыздырылған темір болванкаларды да таси алады ма?
О: Жоқ, бұл белгілі бір температурада ғана болуы мүмкін. Қызған металл магниттелмейді. 8000 қа дейін қыздырылған магнит өзінің магниттік қасиетін жоғалтады.
М: Жарайсың, мұны бәріміздің білгеніміз жөн.
О: Апай, сиқыршылар сиқыр көрсетеді деп жазыпты, сонда баралық!
М: Барсақ ,баралық.
Слайд арқылы жердегі темір жәшікті көтерген, сонан соң сол жәшікті көтере алмаған балуан суреті көрсетіледі. Оқушылар сиқырды көріп шыққан сыңай танытады.
М: Балалар, шынымен де сиқыршының сиқыры күшті екен, үлкен темір жәшікті көтеріп тұрған балуанның күшін алып қойды емес пе? Әп-сәтте –ақ көтеріп тұрған жәшігін көтере алмай қалды ғой?
О: Ой, апай, сиқыршының білімі күшті де, білімі жоқ надандарды алдап соқты. Жәшіктің темір түбі күшті электромагнит полюсі болып табылатын тығырық үстіне қойылған. Ток жоқ кезде жәшікті көтеру қиын емес, бірақ орамына ток жіберген электромагнит магниттеліп, олар бір біріне тартылады.
М: Жарайсың!
О. Апай анада біз көмектесіп еккен зығыр, жоңышқа алқабын көре кетелік?
М: Көрсек көрейік, жүріңдер, кеттік!
О: Керемет болып өсіп келеді екен! Жақсы суғарылыпты да.
М: Бірақ арамшөптер қаптап кетіпті ғой, мұнан қалай құтыламыз, жұламыз ба?
О: Апай, алқап өте үлкен ғой, сондықтиан қолмен жұлғаннан көп уақыт кетеді. Оны ауылшаруашылығы мамандарының өздері бірер минутта-ақ тазалап тастайды.
М: Қалайша?
О: Зығыр, жоңышқаның тұқымдары жылтыр, ал арамшөптердің тұқымдары түкті болып келеді. Шөп арасына ұсақ темір үгінділерін сепсе, жылтыр тұқымға жабыспай, арамшөп тұқымдарына жабысады. Сосын оны арнайы электромагниттер көмегімен тартып алады.
М: Өте дұрыс, жарайсың! Бұл электромагниттерді, индукциялық токтарды басқа қайда пайдалануға болады?
О: Энергияның түрлерін электр энергиясына айналдыратын генераторлар, трансформаторлар мен двигательдердің жұмысы осы электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Автокөліктер де генератор өндірген индукциялық токпен жұмыс жасайды. Аккумулятор батареяларынан генератор орамдарына ток беріліп, одан үлкен мөлшерде индукциялық ток алынады.
О: Дене шынықтыруда ауыр атлеттер электромагниттер арқылы жаттығады. Жоғарыға ілінген электромагнит пен қолына ұстаған өтек арасындағы тартылысты жеңуге тырысады. Тартылыс күшін токқа байланысты тренерлер реттеп отырады.
М: Мына тұрақты магниттің ұштарына жабысқан кілт неге оның ортасына жабыспайды?
О: Оның екі ұшы магниттің полюстері деп аталады, ал магнит полюстерінде магниттік күш күшті де,полюстен алыстаған сайын оның әсері әлсірейді.
М: Жарайсыңдар, оқушылар! Сендер электромагниттік өріс және магнит өрісі тараулары бойынша біраз білім алғандарыңды көріп тұрмын. Алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, білімдеріңді шыңдай түсулерің керек. Бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет!
Әділ-қазылар алқасы қай топ жеңімпаз екендігін анықтап, мұғалім жекелеген оқушыларды бағалайды.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Физика - менің өмірім
- ramuk_b
- 17 мам 2012
- 8222
- 0
- 0
Ілмек сөздер: физика, магнит, темір, күшті, электр, электромагнит
Ұқсас жаңалықтар:
Тербелістер
«Магнит тілі неге тербеледі» Егер сезгіш магнит тілше бір сәт зер салып қарап тұрса, оның тыныш тұрмай үнемі бір жағына немесе екінші жаққа қарай...Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.
Токтың жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді: 1Дж= 1А*1В*1с...Сиқырлы магнит
Мақсаты: Магниттердің қасиетімен танысу барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту Білімділік мәні: Магнит және оның қасиеті туралы ұғыммен...Электр тоғы
Алматы облысы, Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Мусаева Куан...Магнит өрісі тарауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.