Сайтқа кіру Тіркелу

Қысым және атмосфералық қысым

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы.
КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақша.
Информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Майра Жексембайқызы

7 «А» сынып.
І тақырыбы:
«Қысым және атмосфералық қысым» тарауына жалпылама жүйелеу сабағы
ІІ. Мақсаты:
А) білімдік: Қайталау және оқушылардың білімін тексеру, белсенділігін арттыру, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезінуге, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Б) дамытушылық: Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Ә) тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

ІІІ. Түрі: Практикалық сабақ
Технология: Модульдік оқыту технологиясы.
V.Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, құпиясөз.

V.Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Қазақстан барысы -2011
Азиялық қысқы олимпиада нышаны.

Алғыр
Сұлу
Қайратты
Шапшаң
Күшті
Иілгіш
Қайсар

ІІ.Теориялық білімдерін жинақтау.
1.Топтастыру «Қысым»
“Ізденген жетер мұратқа”

Сендерге қысымның негізгі формуласының құрамы белгілі ме?

2.Формула
P=F/S, P= ;
3.Сұрақтар.
1.Матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу қиын.
2.Күш түскен беттің ауданына тәуелді болады.
3.Қысым күшпен ауданның көбейтіндісіне тең.
4.Қысымның өлшем бірлігі француз физигінің құрметімен аталған.
5. Қысымның өлшем бірлігі жоқ.
6.Жердің бетінің ауа қабығы - атмосфера.
7.Барлық биіктікте ауа құрамы өзгермей қалады.
8.Жер бетіне және барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
9.Айда атмосфера болады.
10.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр.

ІІІ. Есеп шығару.
1. 2 есеп тақтаға
Оқу инемен құдық қазғандай”
1.Сыпайы пілдің массасы 6 т, аяғының табан ауданы 0,1 м2. Қысымын есепте.
2. ЖҰМ-3 машинаның массасы 18700 кг, ал табан ауданы 6 м2. Қысымын есепте.


2. «Жартыңды тап»
“Өз жартыңды тап”
Мұғалім жұп карточкаларға есептер дайындайды.Біреуінде есептің берілген болады, екіншісінде есептің жауабы болады.Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың бірдей болады.

3. «Шынжыр бойымен әңгімелесу»
Мұғалім тапсырманы береді. Сағат тілінің бағытымен әрқайсысы көрсетілген тапсырмаға жауап беріп, соңына дейін орындап отырады. Соңында жауабына қарай бағаланады.

4. Тәжірибе көрсету.
5. «Бас қатырғылар базары»Құпиясөз.
Оқушылар үйде сөз жұмбақтар, сөзтізбелер, викториналар, құпия сөздерді құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Соңында ең көп сөз тапқан оқушыларды бағалайды.
Құпиясөз
А    Т    М    О    С    Ф    Е    Р    А
Н    С    Ы    Й    Ұ    И    С    Б    У
Е    Ы    Қ    Г    А    З    О    Р    Ғ
Р    О    И    Д    Р    И    К    А    Ы
Қ    Е    Н    Е    Т    О    Р    Р    И
А    Т    Т    Ы    Е    А    Ң    Ы    Ч
Т    Ы    Р    О    М    З    О    Ш    Е
М    Н    А    Б    О    Ь    Л    А    Л
Е    А    С    У    Н    Л    И    Р    Л
Г    А    Ф    О    О    А    К    С    И
А    У    А    Р    М    У    Л    А    П


6. Есеп «Қатені тап» ойыны.

1.Стақандағы су бағанының биіктігі 8 см.Су стақанның түбіне түсіретін қысымын тап.
2.Суды қысыммен ағызатын мұнараның табанына орнатылған манометр 220 000 Па қысымды көрсетеді деп алып, ондағы су деңгейінің биіктігін табыңдар.

7. Ситуация
Егер лезде атмосфера жоғалып кетсе, жер бетінде не болады ?
VІ. Компьютермен жұмыс.(суреттер беріледі)
1. Суретті жинақта.
2. Суреттегіні мағынасына байланысты артығын алып таста
3. Тест

Тест. Компьютерде орындайды
1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылың
А) Әрі қарай жалғастыр.
Б)Күші ауданға бөл.
В)Креслоны мазалағанды қой

2. Сыныптас оқушыңнан қысымның қандай бірлікпен өлшенетінінен ақыл бер.
А) Ньютонмен
Б) Паскальмен
В) килограмммен

3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады?
А) Дененің ауданы беті мен күшін ауыстыр.
Б) Бетін әр түрлі маймен майла.
В) Дененің түсін өзгерт.

4. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді.Қандай ақыл бересің?
А) Биік өкше туфли кию.
Б) Шаңғы кию.
В) босқа уақытыңды кетірме...

5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.
Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын бар.
В) Жұқа мұздың үстімен ішіңмен жылжы.

4. Компьютерде сурет салу.
Paint редакторына өзің күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қысымға байланысты
суретті сал
V. Барограф приборы.

VІ.Қорытынды.
Бүгін мен...
VІІ. Бағалау.
1.«Қазымыр оқушы»
Өткен тақырып бойынша барлық тапсырмаларды оқушылар кезек - кезегімен орындайды.
Кім сабақтың аяғына дейін көп тапсырма орындаса сол Қазымыр оқушы атанады.
2.Интернеттен алынған ауа-райының көрсеткіші.

VІІ. Үйге тапсырма. Қайталау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×