Ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау және негізгі сұрақтарды пысықтау
ә) Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру
б) Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: Қайталау - пысықтау сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап
Құрал - жабдықтар: компьютер, бейнепроектор, слайдтар, вольтметр, амперметр, шам, реостат, ток көзі, қызыл, көк, жасыл түсті дөңгелекше қиылған қағаз, тест тапсырмасы, жауап парағы
Пән аралық байланыс: биология
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті оқушылар бүгін біз сабақта тағы бір жеміс түрімен тереңірек танысамыз. Жұмбақ
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң -
Майда, майда қызылшоқ.
Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол – жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте - бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс - жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.
II. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергенін тексеру:
Ол үшін сөзжұмбақ шешеміз. Сонда ерекше торкөзде біздің Қазақстанда, яғни Оңтүстік Қазақстанда өсетін анардың түрлері шығады. Екі топқа екеуі беріледі.
Сөзжұмбақ
1. Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі (тебіледі)
2. «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
3. Янтарь сөзінің мағынасы (электрон)
4. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
5. Ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама (жұмыс)
6. Алып планета (Юпитер)
7. Атомның бөлігі (Ядро)
8. Кедергіні өзгертетін құрал (реостат)
9. Кулонмен өлшенетін физикалық шама (Заряд)
10. Кернеудің өлшем бөлігі (Вольт)
11. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым (Гальвани)
1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең физикалық шама(қуат)
2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)
3. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
4. Токтың жылулық әрекетін зерттеген орыс ғалымы( Ленц)
5. Өткізгіштің қасиетіне байланысты физикалық шама (кедергі)
6. Қуатты өлшейтін құрал (Ваттметр)
7. Меншікті кедергі қандай шамаға кері пропорционал (аудан)
8. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қандай шама тұрақты? (кернеу)
9. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?( параллель)
10. Электронның заряды қандай (теріс)
Есептер шығару кезеңі. «Кім тез шығарады?»
Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
Шешуі: Q = IUt = 5 A * 200 B *180 cek = 180 кДж
Амперметр 8 А көрсетіп тұрса, R1= 3 Ом; R2= 6 Ом; R3=2 Ом, жалпы кернеу неге тең болады?
Шешуі:
3. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.
t=10мин=600 c
q=300Кл I=q/t
I=(300 Кл)/(600 с)=0. 5A
I=?
4. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0, 5 А - ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?
5. Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде, ондағы 5, 5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
Пайдасы
Анар шырыны асқазан, бүйрек, бауыр, өт, диабет, анемия, қан тамыр аурулары асқынған кезде көмекке келеді. Сондай - ақ, анар шырынын физикалық, лазерлік, химиялық терапия мен радиациялық сәулелер қабылдағаннан кейін ішкен жөн. Себебі, анар шырыны емнен кейін ағзада қалып қойған зиянды қалдықтардың көзін жояды.
Диетолог мамандар күніне үш мәрте анар шырынына 1 ас қасық бал қосып ішуге кеңес береді. Бұл ем атеросклероз, анемия, жүрек ауруларының алдын алып, иммунитетті күшейтеді. Алайда, ағзасында қышқыл мөлшері шамадан көп жандарға анар шырынын пайдалануға мүлдем болмайды.
Суретте көрсетілген схеманы жинау.
«Ұлы ғалымдар» туралы
Топ мүшелеріне ғалымдар суреттері таратылып беріледі. Кім, қандай жаңалық ашты, айтулары керек.
1. Ш. О. Кулон 1785 жылы зарядталған денелердің өзара әрекет заңын ашқан француз физигі. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған.
2. Роберт Милликен алғаш рет тәжірибе жүзінде электрон зарядының мәнін анықтаған америакан физигі. Нобель сыйлығының лауреаты.
3. Георг Симон Ом 1827жылы тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан неміс физигі. 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Оның ебектерінің негізгі бағыты - электр, оптика, кристаллооптика және акустика салаларына арналған.
4. Андре Ампер алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады.
5. Александро Вольта 1800жылы алғашқы болып, тұрақты ток көзін алған итальян ғалымы. Бұл тұрақты ток көзі «Вольт бағанасы» деп аталады.
6. ФАРАДЕЙ, МАЙКЛ (1796 - 1832), ағылшын физигі, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердің отбасында дүниеге келген. «Электр өрісі» ұғымын енгізген. 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты
Тест
1. Ток күшін өлшейтін құрал
А) Вольтметр В) Омметр С) Амперметр Д) Реостат
2. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
А) 12А В) 6А С) 3А Д) 10А
3. Электр тогы дегеніміз?
А) Зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысы
В) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
С) Зарядталған бөлшектер
Д) Элементер бөлшектер
4. Электр кернеудің формуласы
А) U=Aq B) U=q/A C) U=IR Д) U=A/q
5. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласы
A) I=U/R B) I=UR C) I= I_1=I_2 Д) I=I_1+I_2
6. Меншікті кедергінің формуласы
А) R=1/S В) R=ρ lS С) R=ρl/S Д ) R=ρS/t
7. Электр тогының қуатының формуласы
А) P=I/U В) P=U/I С) P=U I t Д) P= I U
8. Электр лампасының қыл сымдарының ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0, 5А, ал қыл сымның кедергісін табыңдар
А) 0, 5м В) 10м С) 2 Ом Д ) 4 Ом
9. Кедергінің өлшем бірлігі
А) 1 Ом*мВ В) 1В С) 1А Д) 1Ом
10. Жұмыстың өлшем бірлігі
А) 1Вт В) 1Дж С) 1А Д) 1В
Жұмбақ шешу
1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
3. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін. (шам)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия)
VII. Сұрақ – жауап
1. Электр тогы дегеніміз
2. Ток күші деп нені айтамыз?
3. Ток күшінің өлшем бірлігі, өлшейтін құралы қалай аталады?
4. Электр кернеуі деп нені айтамыз?
5. Кернеу бірлігі, құралы?
6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы қалай айтылады?
7. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді?
8. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болады?
9. Параллель жалғағанда ше?
10. Токтың жұмысы неге тең? Жұмыстың өлшем бірлігі, өлшейтін құралы қалай аталады?
11. Электр қуаты неге тең? Өлшем бірлігі, құралы?
12. Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар кімдер?
13. Джоуль - Ленц заңы
VIII. Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету
IX. Оқушылар, бүгінгі сабағымыздан қандай қорытындыға келдік, «Тұрақты электр тогы» деген сөзді естігенде не есімізге түседі?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Қайталау
Электр тогы тарауын қайталау
- мадина73
- 26 сәуір 2014
- 26296
- 0
- 0
Ілмек сөздер: физика сабағынан электр тогы тарауын қайталау
Ұқсас жаңалықтар:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергіс
...Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тоқаева Загира Асқарқызы...Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Кедергі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға...Тұрақты электр тогы
Ш.Қ.О., Семей қаласы «Гуманитарлы- экономикалық колледж» мекемесі Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна...Электр ток көздері. Ом заңы
Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.