Сайтқа кіру Тіркелу

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.

Сабақ тақырыбы: §37. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым, сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, электронды кітапша.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Сыныпты 4 топқа бөлу. «Физикалық құралдар» ойыны.(суреттер тарату)
1. Динамометр 2Термометр 3. мензурка 4. таразы.
«Мен саған, сен маған». Әр топ мүшелері бір - біріне үй жұмысын түсіндіріп сұрақ қояды. Өздері жасап әкелген құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді. (шрицтің басына шар байланған) Тәжірибе көрсету: ауа қалпағының ішіндегі ауаны сорып алып аздап үрленген шардың қалай үлкейетінін демонстрациялау. Үй тапсырмасына байланысты постер құру.
• Газ қысымы молекулаларының қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?
• Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?
• Газдың барлық бағытта бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?
• Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?
• Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?
ІІІ. Жаңа сабақ. Физминутка. «Мектеп гимнастикасы»
Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.
1 - кішкене қорапша, 2 - түтік, 3 - манометр
Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын ұлғаяды
Балалар, мына суреттерді қалай түсінесіңдер. Топ болып ойланыңдар да топтың бір мүшесі тұрып түсіндіреді.
Олай болса тақырыптың аты не екенін өздерің айтыңдар.«Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымы».
Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты қандай екен. Оқушылар: бүгін біз сұйық өзі алып тұрған ыдыстың қабырғаларына, табанына қысым түсіретінін және оны белгілі бір формуламен өрнектеу керек екенін үйренеміз.
ІV. Қорытынды: алынған формуладан ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтын, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады.(Оқушылар өздері жасап әкелген бүйірінде тесіктері бар пластмасса бөтелкелермен тәжірибе жасап көрсетеді.)
V. Сабақты бекіту: «Ой – толғаныс» кезеңі. Мен не білдім.
Слайд арқылы сурет көрсету.
Судың бірдей мөлшері әр түрлі ыдыстардың түбіне әртүрлі қысым түсіре алады. Бұл қысым сұйық бағанасының биіктігіне тәуелді болғандықтан, жіңішке ыдыстарда кең ыдыстарға қарағанда қысым көп болады. Осыдан, судың аз мөлшерімен өте үлкен қысым түсіруге болады.
VІ. Есептер шығару. Деңгейлік тапсырмалар беру.
17 - жаттығудың есептерін шығару.
VІІ. Топ басшылары баға қояды.
VІІІ. Үйге тапсырма: §37. (4 - 6 сұраққа жауап беру)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×