9 - сынып.
Бақылау жұмысы №3.
Мақсаты:
Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0, 7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша?
Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0, 5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең?
Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар.
Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін
ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі?
ІІ нұсқа.
Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны?
Мұхитта толқын ұзындығы 300 м - ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар.
Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар.
Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге болады?
ІІІ нұсқа.
Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама - қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны?
Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер.
Математикалық маятниктің ұзындығы 0, 9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең?
Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады?
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: қайталау.
Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы
- ramuk_b
- 21 қаңтар 2019
- 4158
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Физика 9 сынып, бақылау жұмысы, сұрақтар жауаптарымен
Ұқсас жаңалықтар:

Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы №4
Оқушылардың «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру....
11 - сынып. Бақылау жұмысы. І жарты жылдық
Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал ара қашықтығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған....
9 - сынып. Бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың «Динамика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру....
Математика пәнінен бақылау жұмыстары
Бүгінгі күн талабына сай жан - жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең тиімді...
Жарықтың сынуы. Шағылу заңдары
Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру, сыну заңы мен формуласын қорытып шығару, сыну құбылысының схемалық суретін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.