ЭКСПО - 2017
«Болашақ энергиясы»
Сыныптан тыс шара
Оқушылар алдына қойылатын мақсаты: Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме туралы мәліметтер негізінде мемлекеттік маңыздылығы мен болашаққа мүмкіндігімен таныстыру
Оқушылар алдына қойылатын міндеттері:
1. «ЭКСПО - 2017» ғылыми, технологиялық, мәдени технология саласындағы әр түрлі қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiмен таныстыру
2. «Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты қуат көздерінің дамуына бағытталған нақты мақсаттармен таныстыру
Мұғалімдер алдына қойылған мақсат:
1. Білім беру ісінде жаңа сапалы деңгейге көтерілуде кері байланыстың әсерімен таныстыру
Мұғалімдер алдына қойылған міндеттер:
1. Өзара кері байланыс беру және қабылдауына көңіл бөлу;
2. Кері байланыс қағидаттарының орындалуын талдау.
Ереже:
1. Сыныптан тыс шараға үш команда қатысады. Өздеріне сай команда төсбелгісін таңдап алады.
2. Бірінші тапсырма бойынша әр команда өздеріне берілген үй тапсырмасы бойынша «Механикалық энергия», «Потенциялық энергия», «Кинетикалық энергия» тақырыбында қорғау жұмысын жүргізеді.
3. Екінші үй тапсырмасы бойынша әр команда мүшелері эссеге дайындалып келуі керек. Эссе тақырыбы «ЭКСПО - менің арманым!» немесе осы тақырыпқа жақын еркін тақырып. Эссе сыныптан тыс шарада жазылады.
4. Үшінші тапсырма әр команда басқа команданы Қазақстанда өтетін ЭКСПО - 2017 - ге шақыру қағазын дайындау, таныстыру.
команда алдын ала бөлінген.
Барысы: І. Мұғалім слайдпен таныстырады:
№1 слайд
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ?
ЭКСПО — индустрилизацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.
«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ - ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді.
№2слайд
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден - бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.
№3 слайд
Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан - жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс - ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.
№4 слайд
Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр. «Болашақ энергиясы» жобасының тақырыбы тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай - ақ мәдени әр алуандылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үдерістер ұғынылады.
№5 слайд
«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсаттар қояды.
№6 слайд
«Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады. «Болашақ энергиясы» сондай - ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды.
№7 слайд
Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – «әлеуметтік - экономикалық» және «экологиялық тұрақты» – энергияны тұрақты даму мән-мәтінінде пайдалану туралы ойлану нәтижесінде қалыптасады.
Әлеуметтік - экономикалық салаға қатысты жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдарды келесі түрде жалпылауға болады:
• Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.
• Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану.
• Көлікті электрлендіру.
• Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі.
• Энергиямен қамтамасыз етілгендік.
• Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі.
Қоршаған ортаға қатысты:
• Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері.
• Жаһандық жылыну және ауа - райының өзгеруі.
• Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп - қатері.
• Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.
ІІ. Бірінші тапсырма бойынша әр команда өздеріне берілген үй тапсырмасы бойынша «Механикалық энергия», «Потенциялық энергия», «Кинетикалық энергия» тақырыбында қорғау жұмысын жүргізеді.
Критерий:
1. Таныстырылым тақырыптан ауытқымайды
2. Шығармашылық ізденіспен орындалған көрнекілікпен қамсызданған.
3. Барлық топ мүшелері қатысады.
Кері байланыс: мұғалім мен оқушылар арасында /ауызша/
ІІІ. Екінші үй тапсырмасы бойынша әр команда мүшелері эссеге дайындалып келуі керек. Эссе тақырыбы «ЭКСПО - менің арманым!» немесе осы тақырыпқа жақын еркін тақырып. Эссе сыныптан тыс шарада жазылады.
Критерий:
Эссе талаптарына сай берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтаулары керек (не туралы?); мәселені тұжырымдап, ұсынылған дәлелдемелерді /талдауларды негіздеу және тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді орынды қолдану (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақтар, тірек сөздер мен сөйлемдер және т. б.), сонымен қатар эссеге жалпы қорытынды жасай алады.
Кері байланыс: оқушылар және топ аралық. /ауызша/
IV. Үшінші тапсырма әр команда басқа команданы Қазақстанда өтетін
ЭКСПО - 2017 - ге шақыру қағазы бойынша таныстыру. Қажетті материалдар компьютерде алдын ала дайындалған.
Критерий:
1. Жағдаяттан ұтымды шығады
2. Шақыру билеті бойынша тартымды таныстырады.
3. Шақыру рәсімі мазмұнды, әсерлі орындалады.
Кері байланыс: қонақтар мен оқушылар арасында / ауызша/
Рефлексия
Сауалнама
Сабақта мен... жұмыс істедім Белсенді / белсенді емес
Сабақта мен өз жұмысыма... болдым Риза / риза емес
Сабақ мен үшін... болды Ұзақ / қысқа
Сабақта мен... Шаршадым / шаршаған жоқпын
Менің көңіл күйім... болды Жақсы / жаман
Сабақ материалы маған... болды Түсінікті / түсінікті емес
Қажетті / қажетсіз
Қызықты / іш пыстырарлық
Үй тапсырмасы мен үшін... сияқты болды Оңай / ауыр
Қызықты / қызықты емес
ЭКСПО-2017 Болашақ энергиясы
- Маржан Ахмоллаева
- 31 мам 2017
- 7215
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сыныптан тыс шара жоспары, ЭКСПО-2017
Ұқсас жаңалықтар:
Альтернативті энергия көздері
«Президентіміз Н. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз...Отынның энергиясы
Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану...Жел энергиясын пайдалану мәселелері
Баяғы заманнан бері жел энергиясы адамдарға қызмет етті. Ежелгі гректердің пікірі бойынша әйгілі прометей адамдарды отты жағуды ғана емес, сондай -...Менің болашақ мектебім
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «Ә»сынып оқушысы Ералиева Айнара Жетекшісі: Сауытбаева Гульмира...Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу проце ...
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ Физика пәнінің мұғалімі Жусупбекова С. И...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.