Сайтқа кіру Тіркелу

Күн сайын өз - өзін жетілдіріп отыру қажет

Уақытыңды басқар
Күн сайын өз - өзін жетілдіріп отыру қажет
Бос уақытты тиімді өткізуге жетелейтін, адамның санасында қалыптасуы қажет қағидалардың бірі – адамның жеке дамуына байланысты. Алла Елшісі (с. а. с.) мүміннің білім деңгейін, рухани байлығын күн сайын арттырып отыруға тырысуы қажеттігін ескерткен. Айша анамыз (р. а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай деген: «Мені Аллаға жақындататын ілімімді арттырмай бір күн өмір сүрсем, ол күнді жақсылықпен өткізбедім деп есептеймін». Мәғрифәтуллаһтың (Алланы тану) шыңына шыға алған Пайғамбарымыздың күн сайын Аллаға деген жақындығын арттыратын ілім алуға мүмкіндігі болса, басқа адамдар үшін бұл мүмкіндіктің аясы тіпті кең болмақ. Себебі Алланы тану тұрғысынан біздердің олқылымтарымыз бен пайғамбарлардың кішігірім кемшіліктерін салыстыруға мүлдем келмейді.
Мағынасы осыған ұқсас тағы бір хадиске назар аударсақ: «Тақуалыққа жетудің жолдарының бірі – білмеген мәселелеріңді де үйренгенше білім алуды жалғастыру».
Басқа бір риуаятта аталған жайт төмендегідей қысқа да нұсқа жеткізіледі: «Екі күні бірдей болған – зиянда... күн сайын дамып отырмаған кері кетеді». Өмірдің әрбір кезеңдерінде адамның әрдайым тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыруының қажеттілігін ағысқа қарсы жүзген адаммен салыстыруға болады. Ағысқа қарсы жүзген адам жүзуін жалғастырмай тоқтап қалатын болса, кері кететіні белгілі. Сол секілді адам баласы білім алуын тоқтатып қойса, оның бұған дейін жеткен дәрежесінде тұрақтап тұра алмайды, міндетті түрде кері кетеді, себебі алдыңғы мәліметтер бара - бара ұмытыла бастайды.
Бір орында қалу үшін екі есе жылдам жұмы істеу керек.
Нағыз пайдалы білім материалдық білімдер мен рухани білімдерді бірлестіре отырып меңгеріледі. Ілімнің бұл екіжақтылығы қос қанат сияқты. Сіз өмірде бір қанатпен ұшқан құс көрдіңіз бе?..

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Уақытыңды басқар: Білім алуға уақыт арнау

Уақытыңды басқар: Білім алуға уақыт арнау

Ислам діні ер кісіге де, әйел адамға да білім алуды міндеттейтіні белгілі. Құранның ең алғашқы түскен әмірінің өзі «Оқы» делінгендіктен, білім алу...
Мақсатсыз өмір – адам баласы үшін ең ауыр қасірет

Мақсатсыз өмір – адам баласы үшін ең ауыр қасірет

Өмірлік мақсатын анықтаған, қандай шыңдарды бағындырғысы келетінін анық білетін адамдардың саны өте аз....
Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт

Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт

Құран Кәрім адам өмірін басты бес кезеңге бөліп қарастырған: балалық шақ, жастық шақ, кемелдену, егделік, кәрілік. Мұндай кезеңдерге бөлу әр дәуірдің...
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады....
Технологияны дұрыс қолдану

Технологияны дұрыс қолдану

Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×