Сайтқа кіру Тіркелу

Уақытыңды басқар: Білім алуға уақыт арнау

Уақытыңды басқар: Білім алуға уақыт арнау

Ислам діні ер кісіге де, әйел адамға да білім алуды міндеттейтіні белгілі. Құранның ең алғашқы түскен әмірінің өзі «Оқы» делінгендіктен, білім алу мұсылман жанның ең басты міндеті болып саналады. Мұнда да Алла Тағала нақты нені оқу керектігін айтып белгілеп бермегендіктен, дініміз пайдалы әрі қажетті білімнің барлық түрін құптайды деуге болады.
«Ілім үйрену – әрбір мұсылманның мойнындағы парызы»
(хадис)
Алла Елшісі (с. а. с.) Құраннан үйренген тәлімімен әрдайым «Раббым, ілімімді арттыра көр» деп дұға ететін болған. Мұның өзі білім алудың дінімізде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсете алады. Пайғамбарымыз (с. а. с.) тек дұға етумен шектелмей, әрқашан амалын да жасай білген. Ең алдымен уахи арқылы сусындай отырып, Жәбірейіл періштеден (с. а. с.) де көптеген жайттарға қанық болған. Сонымен қатар сахабаларымен және айналасындағы жандармен сұхбаттасып, ақыл - ойын пайдалы мәліметтермен толтырып отырған.
Алла Елшісінің «Кімде - кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді» деген сөзі білім алудың маңыздылығын көрсетіп, ілім жолындағы жанды сүйіншілеуде.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның мына бір өсиетінен білім алудың кезек күттірмей ең алдымен атқарылуы қажет іс екенін ұғына аламыз: «Ең алдымен білім ізденуге тырыс. Кейін дүниелік несібеңді алу үшін жұмыс жаса. Содан кейін ғана өмірлік жар табуға әрекет жаса. Ал егер бірінші дүниелік несібеңді, байлықты көздесең, білім алуға уақыт таппай қаласың және білімсіз тапқан байлық сені сараңдыққа жетелеп, көзіңді шел басады».

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы

Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы

Ислам діні мұсылман жанның кедей болып, мүсәпір халде өмір сүруін талап етпейді. Ешқашанда ондай түсінікте болған емес. әзірет Омар (р. а.) пақырлық...
Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы

Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы

Ғибадаттың маңыздылығын көрсеткен түсіндірмелерден Ислам діні тек қана құлшылық етуді әмір еткендей көрініп, қате түсінік қалыптаспауы қажет....
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады....
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік пен сауапты амал жасауға арналған...
Арафа және Тәурия күндері

Арафа және Тәурия күндері

Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн «арафа күні», ал оның алдындағы күн «Тәурия күні» деп аталады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×