Сайтқа кіру Тіркелу

98 - қадам: өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. ойыңыз реттеледі, мақсатыңыз айқындалады

Жетістіктің жүз қадамы
98 - қадам: өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. ойыңыз реттеледі, мақсатыңыз айқындалады
Кейбір адамдар мәңгілік өмір сүретіндей өмір сүреді. Алдына қойған мақсаты жоқ. Айналасындағы адамдар мен қарым - қатынасы дұрыс емес. өміріне қапа. Бұндай адамдар көп болмаса да баршылық. Адам өмірді уақытша екенін есіне жиі алып тұрса, онда ойы дұрысталып, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, рухани дүниесі реттелетіні анық.
Осы уақытша өмірде қолдан келгенше ойыңдағы жақсы дүниелерді неге істеп кетпеске. Барынша уақытты тиімді пайдаланып өзіңе және айналаңа пайдалы істер істеп кетуге бәрімізде де мүмкіншіліктер баршылық. Әрқайсымызға белгілі бір берілген уақыт бар. Ол уақыттың мөлшері де белгісіз. Сондықтан өмір уақытша екенін еске алып, уақыттыьарынша тиімді пайдала білейік.
Алдыңызға мақсат қойыңыз. Айналаңыздағы адамдармен қарым - қатынасыңызды түзетіңіз. Жағдайы төмен адамдарға қолдан келгенше көмектесіңіз. Егер реті келсе өзіңізден ғибрат алатындай, артыңызға із тастап кетіңіз.
Өмірде өзіңізге ең керекті нәрселерді білгіңіз келсе, онда бір ай өмірім қалды деп елестетіп көріңізші. Осы бір айда не істегіңіз келеді, қандай істерді бітіргіңіз келеді, осы сияқты сұрақтарды өзіңізге қойып көріңізші. Жаңаша дүниелерді ойлайсыз. Негізінде бұл ойлаған дүниелер сіздің жүрек түкпіріңізде жатқан, сізге ең керекті нәрселер блоып табылады.
Өмір уақытша, ол бәріне де белгілі. Осы уақытша өмірді сапалы қылып өткізу әр адамның өзінің қолында. Сапалы өмір – бақытты өмірдің басты бөлігі. Бұған дейін айтылғандай, адам өмірінің сапасын бес нәрсемен анықтайды. Денсаулығы білім, көңіл күйі, рухани жан дүниесі және материалдық жағдайы. Осы бес нрсе адам өмірінің сапасн анықтайды. Осы бес нәрсені бойға сіңдіру үшін бұл дүниелердің құнын төлеу қажет. Ал құнын төлеу, үлкен ниет пен еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап ететіндіктен көп адамның уысына түсе бермейтіні анық.
Енді осы уақытша өмірде қолдан келгенше жақсы дүниелерді істеп кету әр адамның парызы іспеттес. Адам өмірін анықтайтын бес нәрсені бойға сіңіріп, айналаңа көмектесіп, артына ғибрат алатындай із қалдырып, айналаңдағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болып, өмірді дұрыс пайдалана білсек өміріміз мәнді болмақ.
Өмірде ештеңеге өкінуге болмайды, бір жағдай орын алды ма – дұрыс шешім қабылда да әрі қарай өмір сүр.
Конфуций

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
96 - қадам: қанағаты бар адамға бақыт бұйырған

96 - қадам: қанағаты бар адамға бақыт бұйырған

Адамның бақытты болуы, болмауы тікелей өзіне байланысты. Қай уақыттан бастап адам бақытты боламын деп шешсе, ол сол уақыттан бастап бақытты болып...
Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Кеңдік – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелерге де кеңдік жетерлік....
Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз

Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз

Қазір бір қадам аттасаң, ақшаға келіп тіреледі. Заман сондай. Адам болып өмір сүргеннен кейін тамақтану қажет, киіну қажет, автокөлік алу керек, үй...
62 - қадам: тұлға болып туылмаймыз, тұлға болып қалыптасамыз

62 - қадам: тұлға болып туылмаймыз, тұлға болып қалыптасамыз

Әлем ұлы деп таныған тұлғалардың барлығы да ұлы тұлға болып туылмаған. Бәрі де ұлы тұлға болып қалыптасты. Кез - келген адам мықты тұлға бола алады....
35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз

35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз

Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым - қатынасына, адалдығына қарай сыйла. Жақсы қарым - қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×