Сайтқа кіру Тіркелу

Жетістіктің жүз қадамы: 91 - қадам: мейірімді болыңыз

Жетістіктің жүз қадамы: 91 - қадам: мейірімді болыңыз
Адамның мейірімді болуы – бұл өмірдегі үлкен жетістігінің бірі. Мейірімділікті қолдан жасап ала алмаймыз. Бірақ адам бойында мейірімділікті қалыптастыруға болады. Мейірімділік адам бойындағы ерекше қасиеттің бірі. Жетістікке жетуде әр адамға мейірімділік керек. Осы мейірімділіктің арқасында айналаңдағы адамдарға көмектесу арқылы өмір саған көмектесетіні анық.
Мейірімі аз адамдар да үлкен жетістікке жетіп жатыр. Бірал сол жетістікке қандай жолмен жетті. Абай айтқандай «адамның адамшылығы мақсатына жеткенде емес, оған жетер жолда білінеді». Мақсатына жетер жолда мейірімі мол адамдар ешкімге зиянын тигізбей жететіні белгілі. Мейірімі аз адамдар мақсатыма жетемін деп, жолында кездескен кейбір қиындықтарда адамгершіліктің сатысынан аттап кетуі мүмкін. Олай адамгершіліктің сатысынан аттап жету, адамның өзіне және айналасына зиянын тигізетіні анық.
Мейіріміңді алдымен отбасыңа бөлу керектігін алға тартамыз. Сізге ең жақын адамдар сол отбасың. Оларды басқамен айырбастап ала алмайсыз. Одан кейінгі жақындарыңыз, олармен де жақсы қарым - қатынаста болып, мейірімі төге біліңіз. Одан кейін достарыңызбен жақсы қарым - қатынаста болу арқылы абыройлы болатыныңыз белгілі. Одан кейін жалпы адамзат баласына қаһарыңызды емес, мейіріміңізді төге білсеңіз бақытты өмір сүресіз. Қаншалықты айналаңа қандай энергия шашсаң, ол саған соншалықты еселеніп қайтып келетін болады. Бұны бүкіләлемдік қайтарым заңы деп атайды.
Мүмкіндік барда мейірімді болыңыз, ал мүмкіндік әрқашанда болады.
Зинедин Зидан

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
90 - қадам: тәуекел ете біліңіз

90 - қадам: тәуекел ете біліңіз

Кез келген жетістікке жеткен адамдардың қайсысына қарасаңыз да қмірінде көптеген тәуекелдерге барған. Сол тәуекелдерінің арқасында олар үлкен...
Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Кеңдік – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелерге де кеңдік жетерлік....
Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз

Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз

Қазір бір қадам аттасаң, ақшаға келіп тіреледі. Заман сондай. Адам болып өмір сүргеннен кейін тамақтану қажет, киіну қажет, автокөлік алу керек, үй...
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз

65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз

Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі....
35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз

35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз

Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым - қатынасына, адалдығына қарай сыйла. Жақсы қарым - қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×