Сүйгеніңмен сөйлесе біл. Қарым-қатынасты үзетін ең бірінші белгі сөйлескің келмеу, үрейіңді, қорқынышыңды айтпау, өзіңнің қиындығыңмен бөліспеу, арман, қиялыңды тығып ұстау...
Әйелге сөйлесу ауадай қажет. Оған сенің дауысыңды есту, дауысың, дауыс ырғағың, екпінің арқылы сені сезіну маңызды. Жжанына керек сөздерді естуі маңызды. Одан бас тартпа. Тас жүрек болма. Үндемей құтылуды әдет қылма. Оның өмірінде не болып жатқанын сұра. Бүгін не істегені, көңіл күйі нешік екенін сұра. Барыңмен бөліс. Оған әділ бол, адал бол. Ойнама. Ойыншық етпе.
Әйел бәрін нәзік түйсікпен сезінеді. Уәде берсең – сөзіңде тұр. Бас тартпа. Жеңілме. Жүнжіме. Уәде де тұра алмасаң, жігерсіздік танытып, кегіңді одан алма. Сен онымен сөйлес. Әйелдің бәрі кішкентай қыз секілді. Ол күтеді, үміттенеді, тілейді. Шамаң келгенше жылы сөзіңді айт. Әйелге өзін мақтаған, жақтаған сөздер ұнайды. Жылына бір рет емес. Ылғи айтып жүр.
Егер сенен жүз бесінші рет «мені сүйесің бе?» деп сұраса да ашуланба, жүз бесінші рет «иә» деуден танба. Қайда жүрсең де, үйде де, түзде де, шулы ортада да оған мақтау сөз айтып отыр. Оның нәзіктігін, сүйкімділігін ескертіп жүр. Сүйіктіңмен сөйлесіп жүр. Мақта, қолда, тәнті бол. Әрқашан, әр кезде, өмір-бақи.
Арсений Михайлов
Аударған Шынар Әбілдә
Сүйгеніңмен сөйлесе біл
- ramuk_b
- 26 тамыз 2021
- 902
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қарым қатынасты нығайту, қарым-қатынас, семьяңды сақтау, пайдалы кеңестер
Ұқсас жаңалықтар:
Әйел
Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні - әйелде. Мықтымын десең ойыңды, Әйелге барып дәлелде....Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Әйелдің 3 қалауы туралы
Әйел – құпия. Оны шешу әр еркектің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ер адамның ойы бойыншан әйелдің үш қана қалауы болады....Әйелдерге өсиет
Әйел достар, Еркектерді жөндеп күтіп бағыңдар, Оларға ылғи жағыныңдар, жағыңдар, Толып жатыр өкініштің себебі, Еркек деген өте нәзік келеді....Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.