Сайтқа кіру Тіркелу

Омардың оқиғасы

Пайдалы кеңес
Омардың оқиғасы
Бірде әділетті халифа Омар ибн әл - Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның:
«Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә, Алла, мені сол "аздардың" қатырынан қыла гөр!»,- деп дұға тілеп отырғанын құлағы шалып қалады. Әлгі адамның жанына келіп:
«Сен бұл дұғаны қайдан алдың?»,- деп сұрайды.
Әлгі адам оған:
“Алла Тағала Құранда былай деген:
«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз»,- дейді.
Сонда Омар жылап жібереді де өзін сөгіп:
«Омардан басқаның бәрі хабардар! Иә, Алла! Мені де сол "аздардың" қатарынан қыла гөр”- деп жалбарына дұға жасаған екен...
Кейде бәз біреулерге күнәдан аулақ болуды ескерте қалсақ:
«Бірақ, мұны жалғыз мен емес адамдардың көбі жасайды емес пе!»,- деп жауап береді.
Ендеше, “адамдардың көбі” деген сөздің Құрандағы қолданысына назар аударар болсақ, адамдардың көбі
“білмейді”,
“шүкіршілік етпейді”
“сенбейді” деген сөздермен қатар келетінін көреміз.
Ал, олардың "көпшілігі" деген сөзге қарасақ
“бұзақы” ("Мәида" сүресі, 59 - аят),
“білмейді” ("Әнғам" сүресі, 111 - аят),
“жалтарады” ("Әнбия" сүресі, 24 - аят) және “тыңдамайды” ("Әнфал" сүресі, 21 - аят) деген сөздермен қатар қолданылатынына куә боламыз.
Олай болса, Құранда аталған "аздардың" қатарынан болуға тырысайық.
Алла Тағала Құранда:
«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз» ("Сәбә" сүресі, 13 - аят)
«Негізінде, онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді» ("Һуд" сүресі, 40 - аят)
«Жәннат бағында нығыметке бөленеді, бұрынғылардан көбірек, соңғылардан азырақ» ("Уақиға" сүресі, 12 - 14 аяттар)
Ислам ғұламалары: «Ақиқаттың жолымен жүр және бұл жолды адамдардың ішіндегі аздары таңдайтын жалғыздық сені мұңайтпасын, өтіріктің жолынан сақ болғын әрі күнәһарлардың (көптігі) сені алдамасын»,- деген.
Алла Тағала бізді сол "аздардың" қатарынан қылсын. Әмин!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сақалымды сипама

Сақалымды сипама

Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: Сендерді жер бетіне...
Адамдар жақсы көрсін десең...

Адамдар жақсы көрсін десең...

Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...
Салиқалы бала қайдан шығады?

Салиқалы бала қайдан шығады?

Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі...
Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері

Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері

Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған...
Құйылған тегін ақша құт болмайды

Құйылған тегін ақша құт болмайды

Құйылған тегін ақша құт болмайды, Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды. Тер төккен адал істе ер басынан құт таймайды... үйінде жұт болмайды!...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×