Жетістіктің жүз қадамы
35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз
Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым - қатынасына, адалдығына қарай сыйла.
Жақсы қарым - қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынастасыз ба? Сіз қаншалықты көп адаммен жақсы аралассаңыз, соншалықты өміріңіз жақсы арнаға бұрылады. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» дегендей көп адаммен аралассаңыз, сізге берер пайда мол. Сіз де айналаңыздағы адамдарға қолдан келгенше көмек қолын беріңіз.
Олар да сізге бір іс түскенде көмектесуі заңдылық. Айналаңыздағы адамдарға жақсы қарым - қатынаста болу үшін, алдымен өзіңізге жақсы қарым - қатынаста болыңыз. Өзіңізге мейірім төге алмасаңыз, өзіңізге жағдай жасай алмасаңыз, өзіңізге өзіңіз көмектесе ала алмасаңыз, қасыңыздағыларға да көмектесе алмайсыз. Сіздің бірінші жақын адамдарыңыз – сіздің отбасыңыз. Отбасыңызға мейіріміңізді төгіңіз, қолдан келгенше көмектесе біліңіз.
Нағыз адам болу – адами қарым - қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Ол – адамның өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу.
Достарыңыздың санын көбейтіңіз. Әлеуметтік желі дамыған уақытта көпшілікпен араласу оңайға түсті. Кездесіп, араласпасаңыз да, әлеуметтік желі арқылы қал сұрасып тұрудың өзі қарым - қатынасты арттырады.
Достарыңызға жылы шырай танытыңыз, оларға да қолдан келгенше көмектесе біліңіз. Туысқандырыңызға да солай көмектесе біліңіз. Есте сақтаңыз: сіз қаншалықты қасыңыздағыларға көмектессеңіз, сізге соншалықты өмір көмектеседі. Бұны «бүкіләлемдік қайтарым заңы» дейді. Сіз қандай энергияны айналаңызға шашасыз, сол сізге көбейіп қайтып келеді. Есте сақтаңыз: жақсылықта, жамандықта осылай болады. Бұл да – бүкіләлемдік қайтарым заңы.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз
- ramuk_b
- 8 желтоқсан 2020
- 2920
- 0
- 0
Ілмек сөздер: айналаңыздағы адамдар, жақсы қарым-қатынаста болу
Ұқсас жаңалықтар:
Өзгелердің пікіріне тәуелді болудан қалай құтылуға болады?
Қаншалықты тәуелсіз болсақ та, бәріміз өзгелердің пікіріне құлақ асамыз. Оған көп көңіл бөлген сайын, ол біздің өмірімізге түбегейлі әсер етуі...Негативтен арылыңыз және сіз өмірдің жақсы жаққа өзгеретінін көресіз
Егер сіз бақытты болғыңыз келсе, бірден 10 нәрседен құтылу керек. 1. Қателіктер туралы уайымдау Қателеріңіз туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Сіз жасай...Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
2. Күтпеген қонақтар Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін....Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...
Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.