Сайтқа кіру Тіркелу

Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық

Жетістіктің жүз қадамы
25 - ҚАДАМ: ЖАЛҚАУЛЫҚ
Өмірде жалқау адамдар жоқ, өмірде мақсаты шабыттандырмайтын адамдар бар.
Энтони Роббинс
Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын ісі жоқ» деп АҚШ - тың әлемге танымал мотиватор, бизнес тренері Энтони Роббинстың айтқаны бар.
Шынымен де, жалқау адамдар жоқ, тек өз ісіне қызықпайтын адамдар бар. Айталық, Мұрат деген жігіт волейбол ойнағанды ұнатады. Ол үш сағат тоқтамай волейбол ойнай алады. Оның бұл спорт түріне деген қызығушылығы өте жақсы. Бірақ оған бір сағат кітап оқиық, кел жалпы білімді жинайық десең, ол сіздің айтқаныңызға қызығушылығы мүлдем болмайды. Немесе жүр стадтонға 5 - 6 шақырымдай жүгіріп қайтайық десеңіз, оған да қызығышылығы болмайды.
Сүйреп апарсаңыз да барғысы келмейді. Негізінде, ол жалқау адам емес, тек кейбір жұмыстарға қызығушылығы жоқ адам. Егер сіз мұратыңызға жеткіңіз келсе, өзіңіз қызықпайтын істермен де айналысуға тура келеді. Сол өзіңіз қызықпайтын істерге қызығушылығыңызды, талпынысыңызды қалай арттырасыз? Бұны да шешуге болады.
Алға қойған мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінетіңізді ойлаңыз. Медитацияны жиі жасаңыз. Әр мұратыңызға байланысты атқарып жатқан іс - әрекеттеріңізді, арманыма жақындап жатырмын, осы іс - әрекеттер арқылы деп өзіңіздің істеп жатқан жұмыстарыңызға махаббатыңызды арттырыңыз.
Медитацияны жиі жасаңыз. Бұл сізге өзіңіз қызықпайтын жұмыстарды атқаруға мотивация береді. Жалқаулық деген осындай құбылыс. Бастысы алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатыңызға апаратын жұмыстарды жүйелеп, сол мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінесіз соны медитация арқылы ойлап өзіңіз қызықпайтын, бірақ мақсатыңызға апаратын жұмыстарға қызығушылығыңызды әрдайым арттырып отырыңыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді  ...

Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....
Адамдар жақсы көрсін десең...

Адамдар жақсы көрсін десең...

Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...
22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...
Сіз жалқау емессіз бе?

Сіз жалқау емессіз бе?

Сіз жалқау емессіз бе? Шай ішетін үстел үсті жиналмаған, киіміңіздің әрқайсысы әр жақта, теледидардан бастап сүйікті кітабыңызға дейін шаң басқан....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×