Пайдалы кеңес
Ер адам жаспен өспейді, жауапкершілікпен өседі!
Бір адамдар бар. Жастары отызға, қырыққа келсе де, өздерін әлі бала секілді көреді. Алға қойған мақсаттары, көздеген межелері жоқ. Олар үшін ата - анасы ойлайды, олар үшін ата - анасы ақша табады. Әке - шешесінің мойнына отырып алған осындай адамдар үшін ештеңе қиын емес. Қаласа ала салады, қаласа тастай салады...
Ал керісінше бір балалар бар. Олардың ойлары тым әріде. Олар «ата - анамды қуантсам» деп жүреді. Олар оқиды, ізденеді, мақсат қояды, талпынады.
Бәлкім, біреуі арманына жетер, біреуі жетпес. Бірақ бұл балалар – нағыз жауапкершілік дегеннің не екенін біліп өсетін тұлғалар.
Олар отбасының тізгінін ұстай алатын жақсы ер болады. Олар бала - шағасын асырай алатын еңбекқор әке болады. Отбасын тастап кетпейді. Себебі, олар әр адамның, тіпті, әр адам түгілі әр заттың қадірін біліп өседі.
Сондықтан ер адамның ақылы мен парасатын оның жасымен өлшемеңіз. Ұл балаңыз болса, оны жастайынан әр нәрсенің құнын білетін үнемшіл, отбасы үшін жауап бере алатын жауапкершілігі мол жігіт етіп тәрбиелеңіз.
Айналасына опалы, ағайын - туғанына жақын қылып өсіріңіз. Ешкімді жылатып тастап кетпейтін, ешкімді орта жолда алдап соқпайтын шыншыл етіңіз.
Міне, сонда ғана азаматтарымыз айбынды, ұрпағымыз ұлағатты болады.
Алла әр жігітке өз жақындарына қорған бола алатындай күш - қуат, ақыл, сана, түйсік берсін. Ұлдарымызға намыс, қыздарымызға қылық дарытсын. Әмин!
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ер адам жаспен өспейді, жауапкершілікпен өседі!
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 2544
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Пайдалы кеңес, ер балаларға арналған кеңес, мақсат қою
Ұқсас жаңалықтар:
Ақшадан маңызды дүниелер
Ақшадан маңызды дүниелер Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені...Технологияны дұрыс қолдану
Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу....Адамдар жақсы көрсін десең...
Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...Салиқалы бала қайдан шығады?
Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі...Гүлдер әлемі
Алматы қаласы, 118 балабақшасының Тәрбиешісі Сабдикенова Райхан Тұрсынқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.