Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді және бақытты болыңыз
Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз.
Адам өмірінің сапасы бес дерексіз зат есіммен өлшенеді: денсаулық, материалдық жағдай, көңіл - күй, рухани дүние, білім. Осы бес нәрсе сізде жақсы, жеткілікті түрде болса, сіздің өміріңіз сапалы болатыны айдан анық.
Өміріңізде өзіңізді бақытты сезіну үшін бұл нәрселер әрине аздық етеді. Бұл бесеуі сіздің жеке басыңыздың сапасы болғандықтан, өмірімде бақытты өмір сүрдім деп айта аласыз ба?! Әрине, бақытты өмір сүру үшін бұлар аздық ететіні айдан анық. Отбасыңыз, сүйген жарыңыз, бала - шағаңыз – бәрі де сізге ең қымбат адамдар.
Жақындарыңызды қадірлей біліңіз. Бақытты өмір сүру үшін адамға көп нәрсе де керек емес, тек сол нәрселерді бағалай білген адам ғана бақытты болар. Өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін - бірі аңдып, біріне - бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды (Абайдың төртінші қара сөзінен)
Дана Абай айтқандай, өмірімізді босқа пайдасыз дүниелерге құрытпай, өзімізге өмірлік пайда беретін істерге уақытымызды бөлейік. Сонда өміріміз сапалы болып, ойлаған мақсаттарымызға жетуіміз анық.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді және бақытты болыңыз
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 1591
- 0
- 0
Ілмек сөздер: пайдалы кеңестер, Отбасыңыз, сүйген жарыңыз, бала шағаңыз бәрі де сізге ең қымбат адамдар, жетістіктің жүз қадамы
Ұқсас жаңалықтар:
Менің отбасым
Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы....Бақыт туралы мақал-мәтелдер
Өнерлі қол - бақытқа жол. Бақыттыға бақ - дәулет бас көтертпейді. Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл....Қара сөздер. Абайдың төртінші қара сөзі
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас...Бақытты баламын
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы 2 "ә" сынып оқушысы Қасымханқызы Райлым...Бақытты баламыз
Ақтөбе облысы, №32 мектеп-гимназиясының 1 класс оқушысы Қанымқұл Миржан Нұрболатұлы Класс жетекшісі Ахметова Э. Д...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.