Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған!
Оқушылардың өмірге бейімделу дағдыларын дамытуға арналған сыныптан тыс сабақ
Қатысушылар: 4 - сынып оқушылары
Мақсаты: Оқушылардың бойында жағымды өмірлік мақсаттарды қалыптастыру. Өмірлік мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру.
Міндеттері: - Өмірдің құндылықтары туралы білімдерін тереңдету,
- Өмірге құштарлықтарын дамыту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс, ойын — жаттығу, көркем сөз оқу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды ортаға шақыру, шеңбер бойымен тұрғызу.
Тренинг: «Жылуыңмен бөліс». Оқушылар көздерін жұмады. Олар қос алақандарын бір - біріне қосып ұстап «қайықша» жасайық. Мұғалім олардың алақандарына бір - бір кішкене шар салып шығады. Оқушылар көздерін жұмған бойы, кішкене шарды жылытады, үрлейді. Сосын көздерін ашады, қандай сезімде болғандарын айтады.
Топқа бөлу «Алғыс» тобы, «Мейірім» тобы, «Сенім» тобы, «Арман» тобы.
ІІ. Мұғалімнің сөзі:
1. Сабақтың тақырыбын хабарлау
- Балалар, біз өзін – өзі тану пәнінен сыныптан тыс сабақ өтеміз. Сабағымыздың тақырыбы «Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған!».
2. Сабақтың мақсатын қою: Тақырыптан біліп отырғандай бүгін сабақта біз өмірді сүю, өмірде тек жағымды көріністермен байланыстыру туралы өтеміз.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Сұрақ - жауап
- Мына суреттерге қарайықшы, қайсысы адам айналаны танып біле алады? - Қайсысы ойлана алады?
- Адамдар бұл өмірінде нені армандайды? - Нені тілейді?
2. Мәтінді оқуға ұсыну. Тақтада жазылып тұрады және оқушыларға параққа жазылып беріледі.
Өмір алғыс айтуға лайық.
Адам деген қызық. Өзіндегі бар затты бағаламай, өзінде жоқ затты ойлап, «соған қол жеткізбедім» деп үнемі мұңайып жүргені. Күндердің күнінде сол «өзімде жоқ» деп жүргеніне ақыры қолы жеткенде, «бұған менің қолым жетті ғой» деп тәубесіне келмей жатып, келесі бір «жоғын» армандауға кіріседі.
Кейде адамдарға қарасаң былай көрінеді: - «Біздің өміріміз - біз әлі жете қоймаған болашақ» деп түсінеді. Өмір - ол қолымыз жете бермейтін дүниелердей көреді. Бірақ, ойланып көрейікші!
Біздің өміріміз - алғыс айтуға лайықты емес пе?
3. Осы мәтін бойынша оқушылармен пікірлесу.
- Айналамызға қарайықшы.
– Үнемі «менде жоқ, мен - бақытсызбын» деп мұңая беретін адамның қасында жүрген адам бар.
- Және өмірге құштар, бүгінгі бар дүниесімен өміріне риза болған бір адам бар дейік. Қайсысының қасында өмір сүрген жеңіл? Қай адамның болашағы жарқын көрінеді? (Оқушылардың жауабын тыңдау.)
- Балалар, ендеше біз осы өмірімізге, осы шаққа қанағаттанбасақ, осы барымызға ризашылығымызды, алғысымызды білдіре алмасақ, онда біз БОЛАШАҒЫМЫЗҒА
Көңіліміздің толуы, толмауы екі талай.
«Өмірге ғашық адам ғана, өмірден бәрін алады» Өмірімізге «ҒАШЫҚ» болып қарағанда ғана, өмірдің бізге берері көп екен.
4. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға «Біз өз өмірімізге не үшін алғыс айтар едік?» деп сұрақ қою.
(Оқушылар параққа алдымен өз ойларын жазады. Сосын сынып болып тағы да жауап іздейді.)
- Ал, ойланып көрейікші, балалар! - Не үшін өмірге алғыс айтуға болады?
• Өмірге келгенім үшін рахмет!
• Менің дене мүшелерімнің амандығы үшін рахмет!
• Менің туған ауылым Арасан болғаны үшін рахмет!
• Бақытты балалығым үшін рахмет!
• Ата - анам үшін рахмет!
• Адал достарым, сыныптастарым үшін рахмет!
• Махаббат үшін рахмет!
• Әлемді танып біле алуыма берілген мүмкіндік үшін рахмет!
• Алдағы болашағым үшін рахмет!
• Ең жақын адамдарымның болғаны үшін рахмет! т. с. с
5. Сергіту сәті «Сүйіспеншілік орындығы»
- Бұл орындық жай орындық емес, «Сүйіспеншілік орындығы». Оған отырған адамға біз өз ықыласымызды, сүйіспеншілігімізді білдіруіміз керек. Ол үшін «орындықтағы» отырған балаға үш оқушы келіп, оны «басынан сипап», «құшақтап», «арқасынан қағып» өз сезімдерін білдіреді. Орындықтағы оқушы он табу керек.
6. «Өмірге құштар жандар» туралы әңгіме
- Қалай ойлайсыңдар өмірге құштар жандар - олар кімдер?
- Нұртас Исабаевтың «Өмірге құштар жүрек» өлеңінен үзінді оқып берейін.
«Өзіңсің – тілегім де, тірегім де,
Қаншама қимас жандар жүр елімде.
Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған,
Өшпейді махаббатым жүрегімде»,
- деп, ақын жырлаған екен ақын.
Бұл кісі көп адамдарға үлгі. Себебі, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген ол өміріне енді ғана бастаған шақта күтпеген жерден ауыр қасіретке тап болып, ұзақ мерзімге төсекке таңылды.
Сол кездерде
- Тұрып кеткім келеді, тұра алмаймын,
Жүріп кеткім келеді, жүре алмаймын.
Қасқайып тұрып - тұрып, қапылыста
Жай түсіп сұлап жатқан шынардаймын - деп көңілі құлазып жырлаған екен.
Бірақ ақын қайсарлығының арқасында өмірге бейімделе білді. Өлеңдер жазды, әңгіме жазды. Тіпті ерлік көрсетті деуге болады. Өз көңіліндегі көңілсіздікті, қасіретті қуып тастады. Өмірге қуанып, жақсы көріп қарауды үйренді
Ақын өмірдің бәрі ақ түстен, қуаныштан ғана тұмайтынын көрсете білді. Өмірде ақ пен қара, жақсы мен жаман, қуаныш пен қайғы қатар жүретініне түсінді. Қиындықтармен күресіп, жеңілмей, әлсіздікке ерік бермей шыныққанда ғана адам өрге шығады деп есептейді.
- «Өмірге құштар жандар» - деп тағы кімдерді, қандай адамдарды айтуға болады?
Оқушылар мысалдар келтіреді. Семей полигонынан зардап шеккен - Кәріпбек Күйіков туралы бейнеролик көрсету. Зағип, кемтар жандардың өмірге құштарлығы жайлы әңгіме жүргізу.
7. Ойын жаттығу «Сиқырлы айна»
- Балалар, біздің өзіміздің өмірлік мақсаттарымыз болу керек. Сондай мақсаттар құруғ үйреніп көрейік. Ол үшін «Сиқырлы айнаның» көмегімен болашаққа зер салып қарап көріңдерші. Сендер өздеріңді «кім ретінде, қалай көресіңдер?» Әр топқа бір - бір айна беріледі. Топ кезекпен «Сиқырлы айнаға» қарайды. Сосын оны әңгімелеп береді.
8. Топпен жұмыс.
- Мында қандай сөйлем жасырылған деп ойлайсыңдар?
Интерактивті тақтада сөздер ретсіз шашылып жатады.
«Өмірге ғашық адам ғана өз мақсатына жетеді»
8. Өмірлік ұранымыз қандай?
- Топ болып ақылдасып өмірлік ұрандарың қандай екенін ойластырыңдар.
1 – топ: «..................», 2 топ «..................», 3 топ «....................», 4 топ «..................»
ІV. Сабақтың қорытынды бөлімі
- Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
- Сендер сабақтан не білдіңдер? - Өздеріңе не түйдіңдер?
- Өмірлік ұрандарыңнан адаспай жүрулеріңе тілектеспін.
Сабақ соңында ақынның өмір туралы өлеңін оқып берейін,
- Өмір бірде мәз қылып күлдіреді
Бірде өкінтіп көңіліңді бүлдіреді.
Өмір деген сонысымен қызықты,
Қуанышы мен қиындығы, бір жүреді.
Өмірімізде ешбір қайғы болмасын,
Қуаныштар таба берсін жалғасын.
Бақытты боп орындалсын армандар,
Бір Құдайым, бәрімізді қолдасын.
Өмір бізді сарсаңдарға салмасын,
Өмір гүлі ешуақытта солмасын.
Әр қашанда ашық болып жолдарың,
Қыран құстай қанаттарың талмасын - деп тілеймін. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет!
Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған!
- Saltanat Nurekeevna
- 3 қараша 2016
- 6829
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған, өзін өзі тану, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет пен алғыс айту
Мақсаты: - рахмет пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...Ризашылық пен алғыс
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет, Мен бір жаққа асығамын......1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...Өмірді танып білуге құштарлық
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді, Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді. Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен, Бал - бұлақтай мөп - мөлдір...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.