№ 7 орта мектебі
Мұғалiм: Куламанова Арайлым Муратовна
1 сынып
Тақырып: Қамқор болып өсемін
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға «қамқорлық» ұғымын, қамқорлықты қалай жасауға болатынын түсіндіру
Міндеттері:
- Оқушыларға қамқорлық ұғымын түсіндіру;
- Адамдарға, табиғатқа, жан - жануарларға қамқорлық сезімдерін арттыру;
- Қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
5 т: тәртіп, тыныштық, татулық, талап, тазалық
Тыныштық сәтi «Орманға серуен»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
«Құрметті 1 - сынып оқушылары. Сіздер үй тапсырмасына қалай дайындалып келдіңіздер? Білесіздер ме, біз сіздердің Қазақстан деп аталатын елдің мемлекеттік рәміздерін, ҚР конституциялық заңы жазылған кітабын, ақшасын, ең керемет жерлерін, тауларын, ормандарын, қалаларын барлығын жаулап алдық. Сол үшін біз сіздерді сынағымыз келіп тұр. Егер сіздер өзін – өзі тану пәні бойынша сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсетсеңіздер, сабақта берілген тапсырмаларға белсене қатысып отырсаңыздар, барлығын қайтып береміз де, басқа елдерге барамыз. Біздің сынағымыздан өтуге дайынсыздар ма? Онда сіздерге тапсырмаларымызды хатпен жіберіп отырамыз Сол тапсырмаларды жақсы орындаңыздар.
Сәлеммен: бөгде планеталықтар.
1 – тапсырма: Үй тапсырмасын тексеру.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
17 – 18 сабақ, жаттау
Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Оқушыларды мадақтап отыру. Жарайсыңдар, бәрекелді.
2 – тапсырма:
Дәйексөз.
Қайырымдылық – жылы жүректен.
Халық даналығы
Бәріміз қосылып айту.
Біз айналамызға қалай қуаныш сыйлай аламыз?
Нақыл сөздің мағынасын сұрау.
Оқушыларды мадақтап отыру. Жарайсыңдар, бәрекелді. Бөгде планеталықтар бізге елордамыздағы бәйтерек пен барлық қалаларымызды қайтарып берді.
3 – тапсырма: Әңгiмелеу
«Балапан мен мысық» оқулықтан мәнерлеп оқып беру. Оқушылар бөгде планеталықтар бізге сұрақ қойып жатыр екен, интербелсенді тақтаға назар аударайық.
• Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
• Сендер қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Оқушыларды мадақтап отыру. Жарайсыңдар, бәрекелді. Бөгде планеталықтар бізге ақшамыз бен Қазақстан Республикасының Конституциясы жазылған кітабымызды қайтарып берді.
4 – тапсырма: Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Қамқор болып өсемін» тақырыбында табиғаттың суретін салу.
5 – тапсырма: Топпен ән айту.
«Балалық шақ»
Фарида Жолдасова
Оқушыларды мадақтап отыру. Жарайсыңдар, бәрекелді. Бөгдепланеталықтар бізге рәміздерімізді, елтаңбамызды, гимнді, туымызды қайтарып берді.
Сергіту сәті.
Балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Біздің берген тапсырмаларымыздың барлығын орындадыңыздар. Қазақстан деп аталатын елдің мемлекеттік рәміздерін, ҚР Конституциялық заңы жазылған кітабын, ақшасын, ең керемет жерлерін, тауларын, ормандарын, қалаларын барлығын – барлығын жаулап, ұят қылдық. Енді бұлай жасамаймыз. Бізді кешіріңдерші. Біз сіздермен дос болғымыз келеді.
- Ал, қане, балалар дос боламыз ба?
(Оқушылардың жауабы тыңдалады)
Үй тапсырмасы.
76 бет, жаттау
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды боламын - оқушыларға хормен айтқызу.
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде)
— Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
— Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
— Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.
Толық нұсқасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Қамқор болып өсемін
- arailym_9191
- 30 сәуір 2016
- 5357
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жағымды қасиеттер, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық, адамгершілік
Ұқсас жаңалықтар:
Тәртіп пен парыз
Тәртіпті болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету; «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту....Өнер - өмір өрнегі
Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан - дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалық, әсемдік, сұлулық, жан сұлулығы туралы түсініктері арқылы...Оқуға құштарлық, Білім- ақиқат бастауы, Білімге құштарлық
Сәтемір жеті жасар күнінде ата - анасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп,...Сабыр түбі - сары алтын
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық, ұстамдылық секілді адами қасиеттерді ұғындыра отырып, оның ішкі тыныштығы құндылығын сезіне білуге әсер ететінін...Табиғатқа қамқорлық
Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.