Сайтқа кіру Тіркелу

Мінез адам көрсеткіші

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Головацкий атындағы орта мектептің
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Алимкожаева Асылхан Жумаханқызы

Тақырып: Мінез адам көрсеткіші
Құндылық: Ішкі тыныштық.
Қасиеттер: Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.

Сабақ мақсаты: Риясыз жақсылық жасай отырып, дұрыс әрекет еткенде ғана ішкі тыныштығымыз пайда болатынын оқушыларға ұғындыру.
Міндеттері: Оқушылардың мінез - құлқы туралы түсініктерін кеңейту.
Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажыратуды білуге үйрету;
Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік қасиеттерін дамыту; Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Асықпай «өмір тынысын» алыңдар. (2 - 3 рет). Мүмкіндігінше бұлшық еттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар... Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер.
Сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың. Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы. Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін - әлсін теңіз балдырларының иісі келіп жетеді. Теңіздің біркелкі шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі... Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана - сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп - кеткен толқын сенің денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршап - шалдығуды,... мазасыздық пен күйзелісті,... өзіңе деген сенімсіздігіңді,... өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйініш сезіміңді, қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр... Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп - кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: демал - дем шығар, демал - дем шығар, демал - дем шығар... Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындаламыз

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамдардың қажетіне жарай біл!

Адамдардың қажетіне жарай біл!

Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде...
Өнер - өмір өрнегі

Өнер - өмір өрнегі

Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан - дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалық, әсемдік, сұлулық, жан сұлулығы туралы түсініктері арқылы...
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...
«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг

«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...
Мінез-көңіл күйдің айнасы

Мінез-көңіл күйдің айнасы

Байқоңыр қаласы, №2 Циалковский атындағы мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×