Сайтқа кіру Тіркелу

Ана тілі – жүрек үні

4. Шығармашылық жұмыс
Әр топқа тапсырма. Бүгінгі тақырыпқа байланысты сурет салуға немесе қойылым көрсетуге, әңгіме құрастыруға немесе өлең шығаруға және модел жасауға болады.
Ой - қозғау.
Бірде анасы ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер?
Осы сұрақ жөнінде әр топ ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
Жаттығу. «Құпия хаттар»
№1 Егер сіз досыңыздың анасына әділетсіздік, дөрекілік танытып жүргенін сезсеңіз, сіз сол адамға деген көзқарасыңызды өзгертесіз бе? Қандай кеңес берер едіңіз?
№2 Сәлем достар! Өздеріңде білесіңдер. Ана – ол бүкіл саналы ғұмырымыздың мән - мағынасы. Ананың осыншалықты құдіретті ұлы есім екендігін бәрімізде білеміз. Мен өзім біле тұрсам да көп жағдайда күйгелек мінезімнің арқасында анашымды ренжітіп аламын. Мысалы мен 14 жасқа келсем де анашым мен сабақтан келгенде менің алдымнан шығып, достарымның, басқа да үлкендердің көзінше мені «томпаңбайым», «жарық жұлдызым» деген сияқты теңеулерді айтып еркелеткеніне мен қатты қысыламын да анашыма өзім қалай ұрсып жібергенімді білмей қаламын. Сөйтіп анамды ренжітемін. Достар сендер менің орнымда болсаңдар не істер едіңдер?
№3 Құрметті достым! Мен 8 - сынып оқушысымын. Мен анама өтірік айтып, алдайтынды шығардым. Анам менің өзін өтірік алдап жүргенімді білмейді. Көбінесе достарыммен бірге мектептен тыс басқа жаққа баратын кездерде өтірік айтуыма тура келеді. Айтады ғой «Өтіріктің арты бір тұтам» деп мен анам күндердің күнінде біліп қойса, ренжитіні белгілі. Не істесем болады?

№4 Құрметті достар! Менімен бірге оқитын сыныптасым ылғи да анасына жекіп, кей кездері ауыр сөздер айтып балағаттайды. Тіпті жиналған жерде анасын жамандаған кезде аузына су жұқпайды. Мен сыныптасымның бұл қылығына қарап өзімді кінәлі сезінемін. Оған бұл қылығының дұрыс еместігін ескерткем. Бірақ ол тыңдар емес. Оған сендердің кеңестеріңнің пайдасы тиер деген үмітпен сендерге хат жолдап отырмын. Қандай кеңес бересіңдер?
(балалар олай болса, сендердің кеңестеріңді бұл хаттардың иелеріне жеткіземін, пайдасы тиер)
Оқырман айтары...
Ана туралы жырламаған, жазбаған ақын да, жазушы да, кемде кем. Олай болса балалар қандай ана туралы өлеңдерді жазбаларды, еске түсіріп көрейікші. Қандай ақын - жазушылардың еңбектерін білесіңдер?

Анашым! Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.
М. Мақатаев.

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатың самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Ғ. Қайырбеков.

- Апа, әлдилеші!...
Өзін қаусырма қалқалап, киіз үйдің ірге жағындағы өрнекті ағаш төсекке жантая кеткен анасына Қанабек бүгін де осы өтінішін қайталады. Анасы тамағын кенеп қойды да, баяу ырғақты әуенмен әлди сарынына салды.
Ә. Кекілбаев.

... Ару... Ана... Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесіп жатады екен. Ару деген сөз адалдық, асқақтық атты қасиеттермен қабысып жатса, ана сөзінің аясында аяулы, асыл, ардақты саналатын құдіретті сезімдер тоғысары ақиқат.

Ж. Даулетбек.

Дәйексөз.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев

Қорытынды:
Ана - құдіретті күш иесі
Ана – күннің нұры
Ана – мейірімнің иесі
Ана – жылылықтың ұясы
Ана – қорғаушы
Ана – жарық беруші
Алдарында жатқан смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
8. Жүректен жүрекке.
Ризамыз бүгінге
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге! (2 рет)
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

6. Үй тапсырмасы. Дәптер толтыру
Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шағын шығарма жазу

7. Рефлекция
Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы
Қуат Терібаев атындағы орта мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі М. Тұрсынғазы
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру;
• Оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
• Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір - құрмет сезімдерін дамыту;
• Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
3. Әңгімелеу (сұхбат).
Сұрақтарға жауап беру.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ананың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы не айтар едіңдер?
3. Неліктен ана махаббаты бәрінен биік дейді?
4. Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
Ой бөлісу
Мұғалімнің оқушылардың жауабынан кейінгі кіріспе сөзі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×