Сайтқа кіру Тіркелу

Ақылды тыңдай білуде өнеге

Тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру
Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңыздылығын ашып көрсету.
Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын, ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту.
Қамқорлық, ізеттілік, кішіпейілділік, сыйластық қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Дана мен байлық ертегісінен бейне көрініс, флипчартпен жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті; Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Үй тапсырмасын тексеру. Қорада малың болсын, көшеде талың болсын. С. Ақаев
Сұрақтар: Қорада малың болсын, көшеде талың болсын деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балаларының жауап сөздері сіздерге қандай ой салды?
Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жеткендігі туралы өз ойыңды білдіріп көр.
Өмірдің мәні неде? Өмірлік ұстанымдарың туралы ой бөлісу

Дәйексөз: Ата - анаңның ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең. (Халық мақалы)
Мағынасын ашу. 2 рет ұл балаларға, 2 рет қыз балаларға қайталату
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Әрине ақыл туралы.
Жаңа сабақ: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Әңгiмелеу. Дана мен байлық ертегісі (бейне көрініс) Талдау
1. Қалай ойлайсыңдар? Тақырып не туралы?
2. Дию мен дананың қайсысының ақылы мақсатқа жеткізді?
3. Ақылды болу қиын ба?

Сергіту сәті: Мен қазақпын

Шығармашылық жұмыс.
1. тапсырма Сөзжұмбақ шешу
2. тапсырма: Ақыл шыңына жету үшін мақал - мәтелдердің жалғасын тауып тақтаға жазу.

1. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
2. Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
3. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
4. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Білім - жанып тұрған шырақ.
6. Білім - бұлақ
Білім - шырақ.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
9. Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
10. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз

Нұрланамыз бәріміз
(Сөзі өзгертілген)
Ақ ниетпен
Пәк жүрекпен
Өмірге біз келеміз.
Қуанышты
Ізгілікті
Күн нұрындай төгеміз.

Адалдықпен
Ақиқатқа
Жүгінеміз бәріміз.
Жақсылықты
Жамандықты
Айырады жанымыз.

Адамзатқа
Махаббатпен
Шырқалады әніміз.
Мейіріммен
Шуақ шашып
Нұрланамыз бәріміз.

Үй тапсырмасы: Қызғаныштың кесірі Ж. Байбұланованың шығармасын оқу

Дәптермен жұмысты орындау
Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Рахмет! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×