Тақырыбы: Жақсылық жасау да – бақыт...
Мақсаты: Балаларды жақсылық жасауға баулу, адамгершілік құндылықтары жөнінде түсініктерін кеңейту. Жанашырлық сезімдерін оята отырып, балаларды қамқорлық жасай білуге, табиғатты аялап қорғауға дағдыландыру. Экологиялық, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру. Балалардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін игере білуге баулу.
Оқу іс - әрекет түрі: саяхат сабақ
Әдіс – тәсілі: табиғатқа саяхат, әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, ән айту.
Көрнекі құралдар: Шарайна, «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына байланысты суреттер, жұлдызшалар, шарлар, тосын сый, магнитофон, микрофон.
Шаттық шеңбер
- Армысың, қасиетті Жер Ана!
- Армысың, құдіретті Аспан Ата!
- Армысың, мейірімді Табиғат Ана!
- Армысыздар, құрметті қонақтар!
- Қош келдіңіз, біздің балабақшаға!
Әңгімелесу
- Балалар мына өлеңді мұқият, зер салып тыңдап көріңдерші.
- Жақсылық жаса досыңа,
- Бірге ойнаған жасыңнан.
- Қиналған кезде әрқашан,
- Табылсаң болды қасыңнан.
- Болғың келсе жақсы адам,
- Жақсылық жаса әрқашан.
- Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған?
(Балалар жауап береді)
- Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.
- Балалар, жақсы адам – ол қандай адам?
(балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)
- Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.
Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)
- Олай болса, жақсы қасиеттерді дәлелдеу үшін Табиғат Анаға саяхат жасайық
себебі, Табиғат біздің анамыз, Біз табиғатқа – панамыз.
(Балалар әндетіп (Е. Өтетілеуұлы «Жас дәуірдің гүліміз», Табиғат Ана аясына саяхат жасайды. Табиғат Ана амандасып, балаларды қарсы алады )
- Табиғат Ана, біздің балалар өз бойларындағы жақсы қасиеттерді анықтау мақсатында, сізден көмек сұрап келді.
- Барлық тіршілік еткен ағзалардың бойында жағымды қасиеттер болады, онсыз ол тіршілік ете алмайды.
- Сендердің жақсы бала екендеріңді сынап, тексеріп, мүмкін бұл сұраққа өздеріңнің іс – әрекеттеріңмен жауап берерсіңдер. Алдымен мен сендерге орманның ішіндегі «Екі дос» оқиғасын тамашалайық. Осы мысалды көре отырып, жақсы мен жаманның ара жігін ажырататын боласыңдар.
- Әңгімелеу
(Мысал «Екі дос»)
- Балалар нені сезіндіңдер?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)
- Досы қандай?
- (Мақал - мәтел айту)
- Балалар, сендер досыңа көмектесесіңдер ме?
- Иә, «Жақсылық жасау да – бақыт...»
Тәрбиеші: Енді балалар, ғажайып сөздерді айтайық.
Ғажайып сөздер
Табиғат таңғажайып танығанға
Көре біл, ұға біл, жырын тыңда.
Табиғат тұнған асыл қазына байлық,
Игере біл, қорға оны тағы да.
Жер, су, ауа, орман, бақ
Байлығымыз көркіміз.
Мәпелеп, баптап қорған бол,
Өсіреміз деген сертіміз!
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Ата – анаға қамқор боп,
Асыл мұрагер болайық.
Досымызға берік боп,
Тату - тәтті болайық.
Әдепті де, тәртіпті
Жақсылығын қолдайық.
Жақсылыққа – жақсылық,
Әр кісінің ісі.
Жаманшылыққа – жақсылық
Ер кісінің ісі. (М. Әуезов)
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең –
Ол жақсылықты міндет етпе! (М. Әуезов)
Жақсылық қылсаң – жасыр,
Жақсылық көрсең – асыр!
Өзгеге жасаған жақсылық,
Өзіңе жасаған жақсылық.
Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.
Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың.
Сергіту сәті
- Мынау - менің жүрегім,
- Бәрі осыдан басталады,
- Мынау – басым ақылды,
- Бәрін осы атқарады.
- Мынау – менің оң қолым,
- Мынау менің – сол қолым
- Барлық істі атқарады.
- Мынау - менің оң аяғым,
- Мынау - менің сол аяғым
- Жақсылыққа апарады.
Тыныштық сәті.
- Балалар бір сәтке Табиғат Ана бауырында тынығайық, бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді тұла бойымызға таратып, жүрегіміздегі жақсылық алауындағы жылуды бір – бірімізге тілек айтып, нұрландырайық.
- Ал енді, көзімізді ашып, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, сезімдерімізбен бөлісейік.
- (Табиғат – Ана балаларға жүрекшелер беріп, тілек айтып, қоштасып, ән айтып, балабақшаға оралады.)
Қорытынды
(балалардың алған әсерлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тәрбиеші толықтырады)
Жүректен – жүрекке (тосын сый)
Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап, кісіге
Тілейік үлкен кісіге!- деп балалар жүрекшелерді жандандырып, қонақтарға тілек айтып, тосын сый сыйлап, қонақтармен қоштасады.
Жақсылық жасау да - бақыт
- Ерекешова Ақтілек
- 30 наурыз 2015
- 5265
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жақсылық жасау, өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Қайыр бар жерде ырыс бар. Жақсылықтың ерте - кеші жоқ....Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...Мейірімділіктің жолы- жарық күн
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Жақсылық жасау да – бақыт
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды аулы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.