Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойынан сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларды үнемі кешірімді болу керектігі туралы түсінік беру;
- оқушылардың бойынан шынайылық қасиетін дамыту;
- бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру. ( Мәтінмен жұмыс)
Оқулықтың 65 - бетіндегі Р. Ақдемірдің «Ана махаббаты» атты мәтінді
үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы әңгімедегі ерекше естеріңде қалған, риясыз сүйіспеншіліктің көріністерін суретке салып келу тапсырылады. (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау).
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
- Ана неліктен балалардың көңіл күйін бұзғысы келмеді?
- Балалар саяхатқа жиналғанда анаға қандай ой келді?
- Балалардың саяхаттан бас тартуына олардың қандай қасиеттері себеп
болды?
- Балалар өздерінің ойларын неге құпия ұстады? Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
«Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Міржақып Дулатов
- Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ана махаббаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма?
«Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі» Абай Құнанбаев
Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз. Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз. Дәптерге көшіріп жазады.
Әңгiмелеу «Ана махаббаты» аңыз әңгіме
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
- Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
- Мынау - шырақ, ол - мен!
Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
- Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
- Жоқ!
- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар:
1. Балалар не себепті келісімге келе алмады?
2. Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?
3. Жақсы ой, сөз, іс - әрекеті үйлескен адам қандай адам?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 тапсырма екі топқа жұмыстануға ана тақырыбына арналған өлеңді толықтырып көр:
І топ
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
..................... таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды...............,
................. бір - бірінен көмекті.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
Әрқашанда таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды адамдар,
Аямайды бір - бірінен көмекті.
ІІ топ
Ауырмашы мәңгі соқсын...........,
.............. қанша рет өтті түндерің
Сүріңгенде күш беріп................,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің
Сүрінгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
2 тапсырма Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің - гүлі, тіршілік басы» шағын эссе жазу.
Тірек сөздер: Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті, мейірімді, қымбат, мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл, қамқор, күн шуағы, нұр шашады,
Топпен ән айту.
Анашым Сырым Исабаев
2) Ағарған сенің шашыңа қарап уайымдаймын күнде мен,
Жастық бар жерде қартаю барын, мен, осы неге білмегем?
Немерелерің арқаңда бәрі, қарамай белге бүгілген
Бақыт деген балада екенін түсіндім, ана, бүгін мен.
Қайырмасы:
Тұрса да дауыл майыса көрме, ұсташы тіктеп бойыңды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.
Ақ тілектерді қабыл ет, Алла, қабыл ет, Алла, ойымды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.
2) Құттықтап, ана, туған күніңмен жиналды бүкіл ұрпағың,
Қуанышыңнан ұмытып кеткен жазылып кетсін сырқатың.
Ақтауға жүрміз ақ сүттеріңді кешігіп кетсек кейде тым,
Аналар, бәрің аман жүріңдер, бейнетін көріп, зейнетін.
Үй тапсырмасы.
№ 16 - сабақ: Мәтінмен жұмыс. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.
Дәптермен жұмыс. № 15 - сабақ «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?» ойтолғау жазып келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Аялай біл сен деп соққан жүректі
- Батырова Гульжанат
- 8 қаңтар 2015
- 8362
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аялай біл сен деп соққан жүректі, ана жайлы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік,...Іздегенде табылатын қасыңнан
№249 мектеп – лицейінің мұғалiмі Жанибек Раушан Жанибеккызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.