Сайтқа кіру Тіркелу

Бақыт сыры неде?

Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Қалалық классикалық гимназия
Мұғалім: Жукенова Күлбаршын Аманбайқызы.
Тақырыбы: Бақыт сыры
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: сүйіспеншілік, еңбекқорлық, адалдық, сабырлылық

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы арқылы оқушылардың бақыт туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Сүйіспеншілік, еңбекқорлық - бақыттың ажырамас бөлігі екенін түсіндіру;
• Бақыттың ақиқат екенін түсініп, адалдық пен түсінушілік қабілетімізді дамыту;
• Сабырлылық қасиетін меңгере отырып, бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер
Оқулық, дәптер, ватман, маркерлер,
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. 1мин
- Тыныштық сәті. 2мин. Нұрға бөлену.
- Көз алдыңа не елестеді? Өзіңді қалай сезіндің?
2. Үй жұмысы. Ендеше, өзіңді жақсы сезінген кезде оны бір сөзбен қалай айтуға болады? (жақсы, қуанышты, көңілді, жайлы, бақытты т. б.)
Міне, осы айтқан жақсылыққа, бақытқа адам қалай жетеді екен, оның қандай сыры бар? Соны бүгін бәріміз түсініп, біліп көрейік. Осыған байланысты үйде ата - анадан «қалай бақытты болуға болады және кімді бақытты деп санайсыз?» деген сұраққа жауап әкелдіңдер? Ендеше аяулы ата - аналарыңыздан әкелген жауаптарыңызды тыңдап көрейік. (оқушылар сөйлейді). 3 мин.
- Балалар, ата - аналарыңның айтқанымен келісесіңдер ме? Неліктен?
және алдын ала үйде «Бақыттың он сырын» оқып, бақытты болудың ережесімен таныстыңдар. Енді сол ережені өзімізге бекітіп алайық. Оқушылар бақыт сырын жұппен А 3 қағазына орындап, тақтаға жапсырады, түсіндіреді. 5 жұп. Дайындыққа 2 - 3мин. Жауап 5мин.
Көзқарас күші
Дене күші
Бір сәттік өмір
Өзін - өзі тану
Мақсат
Шаттық
Кешірім
Сыйлық
Қарым - қатынас
Сенім

- Осы айтылған тұжырымдардың барлығымен келісесіздер ме? Неліктен?
- Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсыздар? 2мин
Жауаптары түйінделеді: Бақытты болу өз қолыңда. Бұл - ақиқат, шындық. «Мен бақыттымын, өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді, бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме, өз болашағыма сенемін»
Сабақ барысын талдау
«Тыныштық сәті» - жүрегімізді тыңдау, армандау, босаңсу, қанағаттылық сезімін қалыптастыру. Балалардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне назар аударылады. (мұғалім сөзі, музыка, үнтаспа қолданылады)

Үй тапсырмасы. Оқушының жауапкершілігін көрсетеді және жаңа тақырыпқа кірісер баспалдақ тәрізді бүгінгі тақырып төркінін білдіреді. Жеке оқушының жауаптары, әр адам - дара тұлға ретінде құпталып, бұл шындық, ақиқат екендігін түсінуге мүмкіндік беріледі.
«Жұптық жұмыс» кезінде ақылдаса отырып, өз ойларын еркін жеткізе алуға бір - біріне ықпал етіп, ашықтыққа, ойын еркін айтуға үйренеді. Түсінушілік, адалдық, сабырлылық қасиеттері байқалады.
Қорытынды кезінде мұғалім де жауаптардың түйінін айтып, дұрыс шешім болғанын көрсетеді.

3. Жаңа сабақ.
- Дәйексөз.
«Өзін - өзі білген – ер бақытты,
Өзін - өзі билеген – ел бақытты.»Халық мақалы
- Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер? (2 - 3оқушының жауабы) 3мин
Бақыт бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!
Дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
- оқулықтың 43 - бетіндегі «Бағалайық бақытты» атты Қ. Жүнісовтың өлеңін оқиық. (1 оқушы оқиды) 5мин
4. Әңгімелесу. 5 - 5, 5/
- «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?
- Неліктен бақытты құсқа теңейді?
- Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?
5. Оқушылардың ойлары түйінделеді. Дұрыс. Біздің бәрімізге ортақ бақыт бар екен. Ол ең ұлы бақыт, ол шынайы бақыт, ақиқат.
Тақырыптың дәйексөзі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоциялық бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал етеді, оқушы дәйексөздің мағынасын айтқанда өз ойын, түсінігін жеткізеді.
Балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін «мәтінмен жұмыс» оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Бұл жерде мен оқулықтағы өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқытқызып, барлық сөздің түсінікті екеніне назар аударылған соң «әңгімелесу» әдісіне көштім. Оқушылар тақырыпқа өзінің жеке көзқарасын білдіре алды. Мен, мұғалім ретінде, балалардың өз жеке пікірін айтуын қолдаймын. Бұл балаларды ойлана алуға, жағдаяттар мен іс - әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді. Мұғалім оқушылармен келісе отырып, түйін жасай, тақырыптың негізгі идеясының бағытын аңғартады.

6. Тапсырма. Топтық жұмыс. Осы тапсырманың танымдық, тәрбиелік мәні зор болмақ. Жалпы бақыттың түрлері оның адам өмірінің сан салалы көрінісінде танылатыны аңғарылады. Ойды жалғастырып жазу арқылы ойлау әрекеті кеңіп, өмір, кәсіп сырына үңіледі.
2 топқа: Берілген ойды жалғастырып жазыңдар: 5/ А - 3 қағаздарына. Жазғандарын тақтаға іліп, айтады.
1 - ТОП
Берілген ойды жалғастырып жазу:
Сәби бақыты, ол -......
Әйел бақыты, ол -....
Дәрігер бақыты, ол -......
Ұстаз бақыты, ол -......
Ұлт бақыты, ол...
Адамзат бақыты, ол -....
2 - ТОП
Берілген ойды жалғастырып жазу:
Ер - азамат бақыты, ол -......
Ата - ана бақыты, ол -....
Кәсіпкер бақыты, ол -....
Ғалым бақыты, ол -....
Қоғам бақыты, ол -....
Адамзат бақыты, ол -....
Қорытынды. Бақыт бір адамға ғана тән емес. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төксе, нағыз бақытқа айналады. Топтық тапсырма. Топта жұмыс істеу бірлікке, ұйымшылдыққа үйретіп шығармашылық шабытының да ашылуына түрткі болады. Олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, сабырлылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Қорытынды жасалады.

7. Мұғалім сыйы. Бақыт туралы ой. 2мин аудио тыңдау.
Шығармашылық тапсырма. Сіздер де өз жүректеріңізге үңіліп бақыт туралы өз ойларыңызды білдіріңіздер. (5 мин)
Үш түрлі жолдың біреуін таңдап: не өлең жолдарымен, немесе сөйлем түрінде жазып, немесе сурет салып көрсету.
8. Үй тапсырмасы: бақытты сәттеріңнің суреттерін әкелу.
9. Тыныштық сәті. Сазды музыка. Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді еске түсіріңіз және жүректің түбіне түйіп қойыңыз. Бақыт әрқашанда көппен бірге, әлемге ізгілік нұрын шашқан әр жүректе.
Рақмет. Сау болыңыздар.
Тақырыпқа сай «аудио мәтінді» тыңдаған соң, балалардың ойлау түсінігін білу үшін, олар бүгінгі сабақты қалай қабылдағанын анықтау үшін, құндылықты ашу үшін «өз жүрегін тыңдап, сол шындықты жазу» тапсырмасы берілді.
Бұл жерде соңғы тыныштық, өз жүрегіне назар аудару, мәтіндегі айтылғандардың бәрі ақиқат екеніне ой жүгірту болды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×